1Әбумәліктен кейін Додоның немересі Пуах ұлы Тола Исраилді құтқаруға тағайындалды. Исашар руынан шыққан ол Ефремнің таулы аймағындағы Шамирды мекендеді.
2Тола Исраилде жиырма үш жыл бойы билік айтты. Тола би қайтыс болғанда мәйіті Шамирдағы қабірге қойылды.
3Тола биден кейін Исраилде ғилақадтық Жайыр жиырма екі жыл бойы билік айтты.
4Оның отыз ұлы болды. Олар отыз есекке мініп, Ғилақад аймағында орналасқан отыз қалаға ие болды. Сол қалалар әлі күнге дейін «Жайыр қоныстары»
5Жайыр би қайтыс болғанда мәйіті Қамондағы қабірге қойылды.
6Бұдан кейін исраилдіктер қайтадан Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасап Бағал, Астарта тәңірсымақтарға
7Сол себепті Оның қаһары халыққа қарсы лаулап, оларды філістірлер мен аммондықтардың қолдарына түсірді.
8Бұлар сол жылы исраилдіктерге соққы беріп, оларды аяусыз қанады. Жау бұрынырақ Иордан өзенінің арғы жағын мекендеген аморлықтардың жері — Ғилақад аймағында қоныстанған барлық исраилдіктерді он сегіз жыл бойы қанады.
9Аммондықтар тіпті Иордан өзенінен өтіп, Яһуда, Бунямин және Жүсіптен тараған екі руға да қарсы соғысты. Сол себепті Исраил халқы зор қысым көрді.
10Ақырында исраилдіктер Жаратқан Иені дауыстап шақырып:
11Жаратқан Ие оларға былай деп жауап қатты:
12сондай-ақ, сидондықтар, амалектіктер және мағондықтар
13Бірақ сендер Менен бас тартып, бөгде тәңірлерге табынып келесіңдер. Сондықтан Мен сендерді бұдан былай құтқармаймын!
14Өздерің таңдап алған тәңірсымақтарыңа барып жүгініңдер! Бастарыңа пәле түскен кездеріңде солар құтқарсын! —
15Ал исраилдіктер Жаратқан Иеге:
16Олар араларыңда болған бөгде тәңірлердің мүсіндерін алып тастап, Жаратқан Иеге сиынып ғибадат етті. Сонда Жаратқан Ие Исраилдің көрген азабына шыдай алмай, оларды аяды.
17Бұдан кейін аммондықтар жасақшыларын жинап, Ғилақадта тұрақтағанда, исраилдіктер де жиналып, Миспада қостарын тікті.
18Ғилақад халқының басшылары өзара ақылдасып: «Аммондықтарға қарсы шабуылды кім бастайды? Сол адам Ғилақад аймағын мекендейтін бәріміздің басшымыз болсын», — деп келісті.