1Исраилдіктер қайтадан Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасады. Содан Ол халықты қырық жыл бойы філістірлердің қолына табыстады.
2Дан руының Сора қаласында Маноғах есімді бір кісі тұратын, оның әйелі бала тумайтын бедеу еді.
3Бір күні Жаратқан Иенің періштесі әйелге мынадай хабар алып келді: «Сен бала тумаған бедеу болған едің. Енді аяғың ауырлап, ұл туасың.
4Бұдан былай шарап пен ашыған басқа да сусын атаулыны ішуден, әрі қандай да болмасын арам нәрсені жеуден сақ бол!
5Себебі жүкті болып, ұл туасың. Оның басына ұстара мүлдем тимеуі керек. Ол құрсақта жатқан кезінен-ақ Құдайға ерекше бағышталған жан болады.
6Содан кейін әйел күйеуіне келіп, былай деді: «Маған Құдайдың жіберген бір адамы
7Бірақ ол маған: Аяғың ауырлап, ұл туасың. Бұдан былай шарап пен ашыған басқа да сусын атаулыны ішпе, әрі қандай да болмасын арам нәрсені жеме. Себебі бала құрсақта жатқан кезінен өлген күніне дейін Құдайға ерекше бағышталған жан болады! — деді».
8Маноғах Жаратқан Иеге сиынып: «Уа, Ием, Өзің бізге жіберген адамың қайтып келіп, дүниеге келетін осы балаға не істеуіміз керек екенін үйрете көрсін», — деп өтінді.
9Құдай Маноғахтың мінажатына құлақ салды. Оның әйелі егіс басында жүргенде Құдайдың періштесі оған қайтадан ұшырасты. Сол кезде де күйеуі Маноғах қасында жоқ еді.
10Әйелі бірден күйеуіне жүгіріп барып: «Анау күні келген адам маған қайтадан көрінді!» — деп оны шақырды.
11Маноғах орнынан тұрып, әйеліне еріп сол адамға барды. Одан:
12Маноғах оған:
13Жаратқан Иенің періштесі Маноғахқа:
14жүзімнен дайындалған ештеңені жемесін, шарап пен басқа да ашыған сусын атаулыны ішпесін, ешқандай арам нәрсені жеуіне де болмайды. Мен оған бұйырғанның барлығын орындасын! — деді.
15Маноғах Жаратқан Иенің періштесін:
16Періште оған:
17Сондықтан ол Жаратқан Иенің періштесінен:
18Бірақ Жаратқан Иенің періштесі оған:
19Маноғах лақты шалып, оны және астық тартуын алып, екеуін сол жердегі бір дәу тастың үстінде Жаратқан Иеге өртеп ұсынды. Ол әйелі екеуі құрбандықтың жанып жатқанына қарап тұрғанда, Жаратқан Ие бір керемет іс жасады!
20Құрбандық орнынан от жалыны аспанға қарай лаулап жатқан кезде Жаратқан Иенің періштесі сол жалынның ішінде жоғары көтеріліп кетті.
21Періште Маноғах пен оның әйеліне енді қайтып көрінбеді. Сонда Маноғах оның Жаратқан Иенің періштесі болғанын ұғынып,
22әйеліне:
23Бірақ әйелі оған:
24Уақыты жетіп, Маноғахтың әйелі ұл туып, атын Самсон деп қойды. Бала өсіп, Жаратқан Иенің жарылқауына ие болды.
25Самсон Сора мен Ештағолдың арасындағы Махане-Дан дейтін жерде болғанда, Жаратқан Иенің Рухы алғаш рет оны әрекет жасауға ұмтылдырды.