1Бір күні Самсон Тимна
2Самсон әке-шешесіне қайтып келіп:
3Бірақ әке-шешесі оған:
4Жаратқан Ие осы жайтты қолданып, Исраилге сол кезде үстемдік құрған філістір жауларына қарсы әрекетін бастамақ болды, ал Самсонның әке-шешесі соны түсінген жоқ.
5Ақыры Самсон әке-шешесімен Тимнаға ылдилап барып, қаланың маңындағы жүзімдіктерге жетті. Аяқ астынан бір жас арыстан Самсонға ақырып шыға келді.
6Сол сәтте Жаратқан Иенің Рухы Самсонға құдіретпен қонып,
7Содан Самсон Тимнаға кіріп жаңағы бойжеткенмен сөйлесіп көрді. Қыз Самсонға қатты ұнап қалды.
8Біраз уақыттан кейін Самсон сол бойжеткенге үйлену үшін (әке-шешесімен бірге) қайтадан барды. Өзі өлтірген арыстанның өлексесін көру үшін жолдан бұрылып, қараса, оның ішін бір үйір бал арасы жайлап алыпты, балы да бар екен.
9Самсон балды қолымен қырып алып, сонысын жеп кете берді. Ол әке-шешесіне қайтып қосылғанда, балдан оларға да берді. Бірақ оны арыстанның қаңқасының ішінен алғаны туралы айтқан жоқ.
10Әкесі бойжеткеннің үйіне құда түсіп барып, Самсон жас жігіттердің дәстүріне сай қонақасы берді.
11Қайын жұрты Самсонды көргенде қасына еріп жүруге отыз күйеу жолдас қосты.
12Самсон соларға былай деді:
13Егер жұмбақты шеше алмасаңдар, онда отыз бәтес жамылғы мен отыз киімді сендер маған бересіңдер! — Олар:
14Сонда Самсон жұмбағын айтты:
15Төртінші күні олар Самсонның қалыңдығына қоқан-лоқы жасап былай деді: «Күйеуіңді алдап, жұмбақтың шешуін біліп ал да, бізге айтып бер. Әйтпесе біз өзіңді әкеңнің үй ішімен бірге өртеп жібереміз. Сендер бізді осында әдейі тонау үшін шақырыпсыңдар!»
16Сонда қалыңдығы Самсонның қасында жылай беріп:
17Сол тойдың қалған күндері қалыңдығы Самсонның қасында жылай беріп, оны мезі қылғаннан кейін, жетінші күні ол жұмбақтың шешуін қалыңдығына айтып берді. Ал ол соны жұртына жеткізді.
18Сөйтіп, қаланың адамдары жетінші күні күн батпай тұрып Самсонға:
19Сонда Самсонға Жаратқан Иенің Рухы құдіретпен қонып, ол (філістірлердің) Ашкелон қаласына ылдилап барып, сол жердің отыз адамын өлтірді.
20Ал оның қалыңдығы тойдағы ең жақын күйеу жолдасына ұзатылды.