1Біраздан кейін бидай орылып жатқан кезде Самсон сыйлыққа бір лақ алып, әйелін көруге барды да:
2Самсонға:
3Бірақ Самсон:
4Самсон үш жүз түлкі
5Сол алауларды тұтатып, түлкілерді філістірлердің пісіп тұрған егіндіктеріне қарай қоя берді. Осылай олар філістірлердің буылған масақтары мен пісіп тұрған егіндерін, тіпті жүзімдіктері мен зәйтүн бақтарын да өртеп жіберді.
6Філістірлер: «Мұны кім істеді екен?» — деп сұрастырып, «Мұны істеген — Самсон, тимналық бір адамның күйеу баласы. Сол адам Самсонның әйелін қайтарып алып, оның бір жолдасына қосыпты» — дегенді біліп алды. Сонда філістір жасақшылары өрлеп келіп, сол әйелдің өзін де, әкесін де өртеп жіберді.
7Ал Самсон оларға: «Сендер солай істегендіктен, мен де енді барлығыңа тиісті жазаларыңды тартқызып болмайынша осылай істеуімді тоқтатпаймын!» — деді.
8Содан ол соларға қатты соққы беріп, көбін қырып тастады.
9Ал філістірлер өрлеп барып, Яһуда жерінде қостарын тікті. Олар Лехидің
10Яһуда руының адамдары:
11Сонда Яһуда руынан үш мың адам Етам жартасына ылдилап барып, Самсонға:
12Яһуданың адамдары:
13Олар:
14Самсон Лехиге келгенде, філістірлер оның алдынан қуана айқайлап шықты. Сонда Жаратқан Иенің Рухы Самсонға құдіретпен қонып, оның қолындағы арқандар от тиіп тұтанған зығыр жіп іспетті білектерінен жерге сырғып түсіп қалды.
15Самсон есектің құрғап кетпеген бір жақ сүйегін тауып алып, сол жақ сүйекпен бір мың адамды ұрып-соғып өлтірді.
16Содан соң Самсон мәтелдеп былай деді:
17Мұны айтқаннан кейін Самсон қолындағы жақ сүйекті лақтырып тастады. Осы жерге Рамат-Лехи (яғни Жақ сүйек қыраты) деген ат қойды.
18Сол кезде Самсон қатты шөлдеді. Ол Жаратқан Иеге: «Уа, Ием, Сен мен арқылы осы зор құтқаруды сыйладың. Енді шөлден өлермен боп, мына құдайсыз жаулардың
19Сонда Құдай Лехидегі бір қуыс жерді қақ жарып, одан су аға жөнелді. Самсон судан ішіп, бойына күші қайтып, әл жинады. Сондықтан бұл қайнарды Ен-Хақоре (демек, Шақырғанның қайнары) деп атады. Лехиде осы су көзі әлі күнге дейін бар.
20Філістірлер үстемдік жүргізген сол заманда Самсон Исраилге жиырма жыл бойы билік айтты.