1Бірде Самсон (філістірдің) Газа қаласына барды. Сол жерде бір жеңіл жүрісті әйелге көзі түсіп, оның үйіне кірді.
2«Самсон осында келіпті» деген хабар қала тұрғындарының арасына жайылды. Олар сол жерді айналдыра қоршап, қала қақпасын да түні бойы бақылаумен болды. «Таң сәріде оның көзін құртамыз!» — деп олар дыбыс шығармай сол түнді өткізді.
3Бірақ Самсон түн ортасына дейін ғана демалды. Содан соң орнынан тұрып, қала қақпасын жақтауы, ысырмаларымен қоса тұғырымен жұлып алып, иығына салып, Хебронның қарама-қарсысындағы тау басына апарып тастады.
4Кейін Самсон Сорек аңғарында тұратын Далида
5Філістірлердің әміршілері
6Сондықтан Далида Самсоннан:
7Самсон оған:
8Содан філістірлердің әміршілері әйелге садақтың әлі кеуіп үлгірмеген жеті адырнасын әкеліп берді, ол Самсонды солармен байлап-матап тастады.
9Бірнеше філістір оны ұстамақ болып, ішкі бөлмеде тығылып отырды. Далида: «Самсон! Філістірлер сені ұстауға келіп қалды!» — деп дауыстады. Бірақ Самсон ұшып тұрып, үстіндегі жеті адырнаны от тиіп жанған білте іспетті бырт-бырт үзіп тастады. Осылайша оның құдірет-күшінің неде екені анықталмады.
10Сонда Далида:
11Ол Далидаға:
12Далида жаңа арқандар алып, оны байлап-матап тастап, «Філістірлер сені ұстауға келіп қалды!» — деп дауыстады. Самсонды ұстауға келген філістірлер ішкі бөлмеде отырған еді. Бірақ Самсон білегіндегі арқандарды жіп құрлы көрмей үзіп тастады.
13Далида бұртиып:
14қазығымен жерге қадап қойып: «Філістірлер сені ұстауға келіп қалды, Самсон!» — деп дауыстады. Самсон ұйқысынан оянып, қазықты өрмегімен қоса жұлып алды.
15Содан соң Далида Самсонға:
16Ақыры, күн сайын Далида қыспақтап сұрай бергендіктен, Самсонның жаны түңіліп, өмірден қатты налыды.
17Ол Далидаға жүрегіндегі бар құпиясын айтып беріп:
18Далида Самсонның өзіне бүкіл құпиясын ашқанын түсініп, філістірлердің әміршілеріне кісі жіберіп: «Енді келе беріңіздер, Самсон маған жүрегіндегі бар құпиясын ашып, айтып берді!» — деп шақырды. Сонда әлгі әміршілер қайта оралып, әйелге берешек күміс ақшаларын да ала келді.
19Далида Самсонды өзінің тізесіне жатқызып ұйықтатып, бір адамды шақырып, оған Самсонның басындағы жеті өрім шашын алдыртып тастады. Содан Самсон әлсізденіп, күшінен ада болды.
20Далида: «Філістірлер сені ұстауға келіп қалды, Самсон!» — деп дауыстады. Самсон ұйқысынан оянғанда, бұрынғыдай бір бұлқынып бұғаудан босап шыға келемін деп ойлады. Ол Жаратқан Иенің өзін тастап кеткенін білген жоқ.
21Філістірлер Самсонды қолға түсіріп, оның көзін ойып алып, соқыр қылды. Содан оны Газа қаласына апарып, қола кісенмен бұғаулап, түрмедегі диірменнің тасын айналдыртып қойды.
22Алайда оның алынып тасталған шашы қайтадан өсе бастады.
23Сол күндері філістірлердің әміршілері өздері табынатын Дагон атты тәңірсымаққа арнап көптеп құрбандық шалып ұсынып, көңілді мереке өткізуге жиналды. Олар: «Біздің тәңіріміз қас жауымыз Самсонды қолымызға түсірді!» — деп мақтанды.
24Халық та Самсонды көргенде өздері табынатын тәңірсымақты мадақтап былай деп әндетті:
25Олар көңіл көтеріп, мәз болып отырғанда: «Самсонды шақырып алып келіңдер, ол бізге өнерін көрсетсін!» — десті. Оны түрмеден алдыртып, ол солардың алдында ойнап қызық көрсетті.
26Самсон өзін қолымен жетелеп жүрген қызметші жігіттен: «Мен үйдің бағаналарына қол тигізейінші. Соларға сүйеніп тұрайын!» — деп өтінді.
27Ғибадатхана еркегі бар, әйелі бар халыққа лық толы еді, філістірлердің барлық әміршілері де жиналған болатын. Ғимараттың төбесінде Самсонның көрсеткен қызығын тамашалап еркегі бар, әйелі бар тағы үш мыңдай адам жиналып тұрған еді.
28Сонда Самсон Жаратқан Иеге іштей сиынып: «Уа, Жаратушы Тәңір Ие, мені қайтадан ескере гөр! О, Құдай, маған осы бір жолға құдіретіңді дарыта көрші! Філістірлерден екі көзім үшін кегімді бір-ақ қайтаруға мүмкіндік бере көрші», — деп мінажат етті.
29Осыны айтып, ғимараттың төбесін тіреп тұрған екі орталық бағананың біреуіне оң қолын, екіншісіне сол қолын созып сүйенді.
30Самсон: «Філістірлермен бірге мен де жан тапсырайын!» — деп сиынып, бағаналарды бар күшімен итерді. Сонда бүкіл ғимарат қирап, ішіндегі філістірлердің әміршілерін және бар халықты басып қалды. Осылайша Самсонның өлер кезінде құртқан жауларының саны оның өмір бойы құртқан жауларының санынан асып түсті.
31Самсонның ағайындары және әкесінің бүкіл әулеті сол жерге ылдилап барып, оның мәйітін елдеріне алып кетті. Оны әкесі Маноғахтың Сора мен Ештағолдың арасындағы қабіріне қойды. Самсон Исраилге жиырма жыл бойы билік айтқан еді.