1Сол заманда Исраилде әлі де патша жоқ болатын.
2Сондықтан дандықтар өз әулеттерінен бес мықты жігітті таңдап алып, оларды бір жерді барлап қайтуға Сора мен Ештағолдан жұмсап жіберді. Оларға: «Сол жерді барлап, жақсылап зерттеп келіңдер!» — деп тапсырды.
3Олар Миханың үйіне жақындағанда леуілік жас жігіттің даусын естіп, сөйлеу мәнерінен (оның бөтен келімсек екенін) біліп қойған еді. Барлаушылар жолдан бұрылып, леуіліктің қасына барып:
4Сонда леуілік оларға Миханың өзіне істегендері туралы айтып:
5Барлаушылар:
6Діни қызметкер оларға:
7Сол бес жігіт сапарларын жалғастырып, Лаишқа
8Барлаушы жігіттер Сора мен Ештағолдағы руластарына қайтып оралғанда, бұлар:
9Жігіттер былай деп жауап берді:
10Сонда жеткенде сендер ұлан-ғайыр аймақта тұрып жатқан бейқам халықты көресіңдер. Құдай аймақты қолымызға түсіріп отыр! Сол өңірде жер бетіндегі игілікті атаулының бәрі де бар! — деді.
11Осылай Дан руының қаруланған алты жүз адамы Сора мен Ештағолдан аттанып,
12Яһудадағы Кирият-Иғарымның маңына қостарын тігіп түнеді. Кирият-Иғарымның батысында орналасқан сол орынның осы күнге дейін Махане-Дан «Данның тұрағы» деп аталуы да осы себепті.
13Дандық жасақ тоқтаған жерінен шығып, Ефремнің таулы аймағынан өтіп бара жатқанда Миханың үйіне таяп қалған еді.
14Бұрын Лаиштың жерін барлап қайтқан бес жігіт руластарына: «Мына үйлердің біреуінде (діни қызметкер киетін) жеңсіз сырт киім, шағын тәңір мүсіндері, ағаштан ойылған және күмістен құйылған тәңір мүсіндері бар екенін білесіңдер ме? Енді не істеу қажет екенін ойластырып көріңдер», — деді.
15Олар сол жаққа бұрылып, Миханың үйінің жанындағы жас леуіліктің үйіне келіп, онымен амандасты.
16Қару-жасақ асынған алты жүз дандық қақпаның кіреберісінде тұрды.
17Елді барлап қайтқан бес адам ішке кіріп, ағаштан ойылған мүсінді, жеңсіз сырт киімді, шағын тәңір мүсіндерін және күмістен құйылған мүсінді алып шықты. Сол кезде діни қызметкер алты жүз жасақшымен бірге қақпаның кіреберісінде тұрды.
18Әлгі адамдардың Миханың киелі үйіне кіріп, сол мүсіндерді және жеңсіз сырт киімді алып шыққандарын көргенде, діни қызметкер:
19олар:
20Діни қызметкер қуанып кетті. Ол жеңсіз сырт киімді, шағын тәңір мүсіндерін және ағаштан ойылып, күміспен қапталған тәңір мүсінін алып, жасақтың арасында олармен бірге жолға шықты.
21Дандықтар өздерінің бала-шаға, мал-мүлкін алдарына түсіріп, сапарларын жалғастырды.
22Олар сол жерден біраз ұзап кеткенде, Михамен көршілес тұрған адамдар жиналып, Михаға ілесіп бұлардың арттарынан қуып жетті.
23Олар дандықтарға айқай салғанда, бұлар арттарына бұрылып Михаға:
24Миха оларға жауап қайырып:
25Бірақ дандықтар:
26әрі қарай кете берді. Олардың өзінен тым басым екенін ұққан Миха кері бұрылып, үйіне қайтып кетті.
27Осылай Миханың жасап алған тәңір мүсіндерін тартып алып, оның діни қызметкерін өздеріне ілестіріп алған дандықтар ақырында Лаишқа жетті. Оның тыныш та бейқам тұрып жатқан халқына семсерлерімен тап беріп, қаланы өртеп жіберді.
28Лаиштықтарды құтқаратын ешкім болмады. Себебі Сидоннан алыс қоныстанған олар басқа да ешкіммен қарым-қатынас жасамайтын.
29Олар қалаға өздерінің түп аталары Исраил
30Дандықтар өздеріне жалған тәңір мүсіндерін орнатып алды. Мұса ұлы
31Құдайдың киелі шатыры Шилода тұрған кездің бәрінде