1Исраилде әлі де патша болмаған сол заманда Ефремнің таулы аймағының алыс түкпірінде бір леуілік келімсек адам
2Бірақ осы келіншегі леуілікке өкпелеп,
3күйеуі жолға жиналды да, әйеліне жылы сөйлеп, оны қайтып келуге көндіру үшін оның артынан барды. Өзімен бірге қызметшісі мен екі есегін ертіп ала жүрді. Леуілік қайын атасының үйіне жете бергенде, келіншек оның алдынан шығып, үйге кіргізді.
4Қайын атасы күйеу баласын көргенде жылы шырай танытып қарсы алды. Ол леуілік күйеу баласынан біраз уақыт сонда қалуын өтінді. Леуілік оның үйінде үш күн бойы ішіп-жеп, қонақ болды.
5Төртінші күні олар ерте тұрып, леуілік жолға шығуға дайындалды. Бірақ келіншегінің әкесі: «Тамақ жеп жүрек жалға, содан кейін-ақ жолға шығарсыңдар», — деп,
6екеуі тағы да ішіп-жеумен болды. Содан соң келіншектің әкесі: «Өтінемін, осы түнде де қонып, көңіл көтерсеңші!» — деді.
7Алайда леуілік жолға шығу үшін орнынан тұрды. Бірақ қайын атасы қиыла өтініп, қоймаған соң ол тағы да бір түнге қалды.
8Бесінші күні де леуілік жолға шығуға ертемен орнынан тұрғанда, келіншектің әкесі: «Жүрек жалғап, түс қайтқанша қала тұрыңдар!» — деп сұрады. Осылай екеуі қайтадан ішіп-жеп отыра берді.
9Содан соң әлгі адам, оның кәнизагы және қызметшісі жолға жиналғанда, қайын атасы оған: «Қарашы, күн батуға жақын, кеш түсіп-ақ қалды. Түнесеңдерші. Міне, кеш түсіп бара жатыр. Осында түнеп, көңіл көтер. Сендер ертең таң сәріде жолға шығарсыңдар», — деді.
10Алайда сол адамның тағы бір түнге қалғысы келмеді. Ол жолға шығып, Ебуске, яғни Иерусалимге
11Олар Ебуске келгенде, кеш түсе бастады. Қызметшісі қожайынына:
12Бірақ қожайыны оған:
13— Исраилдік қалалардың бірі — Гибеяға немесе Рамаққа барып, сонда түнейік! — деп қосты ол.
14Осылайша олар сапарларын жалғастырып, Бунямин руына тиісті Гибея қаласына жеткенде, күн батып та кетті.
15Сонда олар жолдан бұрылып, түнеп шықпақ болып Гибеяға кірді. Қаланың алаңына келіп, сонда жайғасқан еді, бірақ оларды үйіне қонуға шақырған ешкім болмады.
16Сол кезде бір қарт адам егістігіндегі жұмысынан үйіне кештетіп қайтып келе жатты. Ол Ефремнің таулы аймағынан көшіп келіп, Гибея қаласында тұратын жат жұрттық келімсек болатын. Ал сол жердің тұрғындары буняминдіктер еді.
17Қария өтіп бара жатып, қала алаңындағы сол жолаушыны байқап қалды. Одан:
18Леуілік оған жауап беріп:
19Есектерімізге шөп пен жем, өзіме, кәнизагым мен қызметшіме қажетті нан мен сусынымыз бар. Қожайын, бізге жататын орыннан басқа ештеңе керек емес, — деді.
20Қария оған:
21Содан ол бұларды үйіне ертіп келді де, есектеріне жем салды. Ал ана үшеуі аяқтарын жуып, ішіп-жеп тамақтануға отырды.
22Олар көңілдері жайланып тым жақсы отырған кезде, қаланың азғын-сұмырайлары жиналып, сол үйді қоршап, есігін тоқпақтай берді. Үй иесі қариядан олар:
23Үй иесі сол бұзақылардың алдына шығып:
24Міне, менің әлі күйеуге шықпаған қызым, ал мұның кәнизагы бар. Оларды алдарыңа алып шығайын. Соларды жәбірлеп білгендеріңді істей беріңдер. Ал бұл адамға мұндай масқаралық жасай көрмеңдер! — деп басу айтқан болды.
25Алайда жиналған еркектер оны тыңдағылары келмеді. Сонда жолаушы кәнизагын алып, есіктен шығарып жіберді. Бұзақылар әйелді түні бойы зорлап, масқаралаумен болды. Таң сәріде ғана оны қоя берді.
26Әйел күн шыға бастағанда қожайыны тоқтаған үйдің есігінің алдына келіп, құлап түсіп, жарық болғанша жата берді.
27Таңертең қожайыны тұрып, жолға шығу үшін есікті аша бергенде, есік алдында екі қолын табалдырыққа салып, етпетінен жатқан кәнизагын көрді.
28Оған: «Түрегел, жолға шығайық», — деді, бірақ ол еш жауап қатпай жата берді. Сонда адам оның мәйітін есегіне өңгеріп алып, тұратын жеріне қайтып кетті.
29Үйіне жеткен соң ол пышақ алып, әйелдің мәйітін он екі бөлікке мүшелеп бөлшектеді. Сол бөліктерді Исраил елінің барлық аймақтарына таратып жіберді.
30Соны көрген әркім: «Осындай сұмдық Исраил халқы Мысырдан көшіп шыққаннан бері ешқашан болып көрген емес! Сол туралы ойланыңдар! Ақылдасып, не істеуді шешіңдер!» — десті.