1Сол кезде сенің халқыңды қорғаушы бас періште
2Жер қойнында жатқан сансыз көп өлгендер қайта тіріледі. Олардың бірқатары мәңгілік өмірге ие болады, ал қалғандары мәңгілік ұят-масқараға қалады.
3Даналар аспан кеңістігі сияқты нұрланады, көптеген адамды әділдік жолына бастап алып келген
4Ал өзің, Даниял, осы сөздерді жақсылап сақтап, сол заманның соңына дейін кітапты мөрлеп бекітіп қой. Көптеген адам оны мұқият қарап шығып, білімдері молая түсетін болады.
5Бұдан кейін мен, Даниял, қарасам, басқа екі хабаршы пайда болыпты: біреуі өзеннің бір жағасында, екіншісі қарама-қарсы жағасында тұр екен.
6Солардың біреуі үстіне ақ бәтес киім киген. Ол өзен суының үстінде тұрған басқа хабаршыдан:
7Ақ бәтес киінген, өзен суының үстінде тұрған әлгі хабаршы екі қолын да аспанға қарай көтеріп, мәңгі тірі Хақ Тағаланың атымен ант етіп былай деді:
8Мен оның айтқанын естісем де, түсінбедім. Сондықтан мен одан:
9Хабаршының жауабы мынау болды:
10Көптеген адам осы ауыр сынақтардан өтіп, тазарып, мінсіз болады. Алайда зұлымдар күнә жасауларын жалғастыра береді. Солардың ешқайсысы хабарды түсінбейді, тек даналар ғана оның мағынасын ұғатын болады.
11Күнделікті құрбандық ұсыну доғартылып, киелі үйді арамдап бос қалдыратын жексұрын нәрсе сол жерде орнатылғаннан кейін бір мың екі жүз тоқсан күн
12Ал бір мың үш жүз отыз бес күн күтіп, солар өткенше шыдамдылық танытқан әркім бақытты болады!
13Өзің соңына дейін өз жолыңмен жүре бер. Сен дүниеден өтіп, тынығасың.