1Набуходоносор (Бабыл еліне) патшалық құрған екінші жылы
2Содан ол түстерінің мазмұнын біліп алу үшін елдегі абыздар, балгерлер, сиқыршылар мен жұлдызшыларды
3Патша оларға:
4Жұлдызшылар патшаға арамей тілінде:
5Алайда патша:
6Ал егер түсімнің мазмұны мен мағынасын айтып берсеңдер, мен сендерге көп сый-тартулар беріп, зор құрметке ие боласыңдар. Сондықтан маған түсімді және оның мағынасын айтып беріңдер! — деп бұйырды.
7Олар тағы да патшадан:
8Бірақ патшаның жауабы мынау болды:
9егер түсімді айтып бермесеңдер, бәріңе де бірдей үкім кесіледі. Ал сендер жағдай өзгергенше мені алдайтын жаман нәрселерді айтуға сөз байластыңдар. Сондықтан қандай түс көргенімді айтып беріңдер! Сонда сендердің оны жори алатындарыңа да көз жеткіземін. —
10Жұлдызшылар:
11Уа, тақсыр, бұл тапсырмаңыз тым қиын. Түсіңізді сізге тәңірлерден
12Мұны естігенде патшаны ашу-ыза кернеп, Бабылдағы барлық білімпаздардың көзін құртуға бұйырды.
13
15— Патша ағзам мұндай қатал жарлықты қандай себептен шығарды екен? — деп сұрады. Сонда Ариоқ оның себебін түсіндірді.
16Мұны естісімен Даниял сарайға барып, түсінің мағынасын айтып беру үшін патшаның біраз уақытқа мұрсат беруін сұрады.
17Содан Даниял үйіне қайтып, болған жайтты серіктері Хананиях, Мишаел, Азарияхқа айтып былай деді:
18«Бабылдың өзге білімпаздарымен бірге өзіміздің де құрымай аман қалуымыз үшін көктегі Құдайдан
19Мұнан кейін осы құпияның шешімі Даниялға түнгі көрініспен ашылды. Сонда Даниял Құдайды мадақтап
20былай деді:
21Заман мен дәуір атаулыны өзгертеді,
22Құдайда әрдайым жарық нұр болады,
23Алғыс айтып, Сені мақтаймын ұдайы,
24Сонымен Даниял Набуходоносор патшаның Бабылдың білімпаздарын өлтіруге жіберген қызметкері Ариоққа
25Ариоқ Даниялды бірден патшаның алдына алып барып: «Уа, патша ағзам, мен Яһудадан жер аударылып келгендердің арасынан түсіңізді жорып бере алатын адамды тауып алып келдім!» — деп баяндады.
26Сонда патша Балташазар деп те аталған Даниялға сұрақ қойып:
27Даниял патшаға былай деп жауап берді:
28Бірақ көктегі Құдай құпияларды ашып бере алады. Уа, Набуходоносор патша, көктегі Құдай сізге осы түс арқылы келешек замандарда болатын жайттарды көрсеткен екен. Төсекте жатқанда түсіңізде көрген көріністеріңіз мыналар:
29Демалып жатқан кезде болашақ туралы ойлай бастадыңыз, уа, патша ағзам. Сонда барлық құпияларды аша алатын Құдай сізге келешекте болатын оқиғаларды білдірді.
30Алайда менің басқа пенделерден ақылды болғандығымнан емес, сізге түстің мағынасын білдіріп, санаңызға ұялаған сол ойларды түсіндіріп беруім үшін бұл құпия маған ашылды.
31Уа, тақсыр, түсіңізде көргеніңіз — алдыңызда тұрған бір дәу мүсін
32Мүсіннің басы саф алтын, көкірегі мен қолдары күміс, іші мен екі саны қола,
33екі балтыры темір, аяғының қалған бөлігі жартылай темір, жартылай қыш екен.
34Сіз мүсінге қарап тұрған кезде бір дәу тас жартастан қашалып жасалды. Мұны жасаған адам баласы емес еді. Сол дәу тас мүсіннің жартылай темір, жартылай қыш аяқтарына келіп соғылып, оларды қиратып тастады.
35Сонда мүсіннің темірі мен қышы, қоласы, күмісі және алтыны бәрі бірдей быт-шыт болып сынып қалды. Олар жаздыгүні астық бастыратын қырмандағы бидай қауызындай соққан желмен ұшып кетіп, із-түзсіз ғайып болды. Ал мүсінге соғылған дәу тас орасан зор тауға айналып, бүкіл жер бетін толтырды.
36Түсіңіз осындай болды. Енді оның мағынасын да айтып берейік.
37Сіз, уа, патша ағзам, көптеген патшалардың патшасысыз. Көктегі Құдай сізге патшалық билік, күш-қуат пен атақ-даңқ сыйлап,
38үстемдігіңізге әр жердегі адам баласын, даладағы аңдар мен аспандағы құстарды тапсырып, өзіңізді солардың барлығының үстінен билеуші етіп тағайындады. Сондықтан мүсіннің алтын басы өзіңізді білдіреді.
39Сізден кейін дәрежесі төмендеу екінші бір патшалық, одан кейін бүкіл жер бетін басқаратын қола (іспетті берік) патшалық пайда болады.
40Содан кейін төртінші, темірдей
41
43Өзіңіз көрген сол көріністегі темірдің қышпен араласқаны іспетті, сол бөлімдері де бір-бірімен араласады.
44Алайда сол патшалардың заманында көктегі Құдай бір Патшалықты орнатады. Сол патшалық ешқашан күйремейді, Құдай бөтен халықтың оны жаулап алуына да жол бермейді. Қайта, осы Патшалық басқа барлық патшалықтарды біржола қиратып, өзі мәңгі берік тұрады.
45Адам баласы емес, басқа біреу жартастан қашап жасаған дәу тасты көрген едіңіз ғой. Оның темір, қола, қыш, күміс және алтынды қиратқаны осыны бейнелейді.
46Сонда Набуходоносор патша Даниялдың алдында басын жерге тигізе тағзым етті. Оның құрметіне астық тартуы жасалып, хош иісті зат түтетілсін деп бұйырды да,
47Даниялға былай деді: «Сен осы құпияны аша алғандықтан, сиынатын Құдайыңның шынымен барлық тәңір атаулының үстіндегі Құдай әрі патшалардың Иесі екеніне көзім жетіп отыр!»
48Патша Даниялдың дәрежесін мейлінше жоғарылатып, оған көп сыйлық беріп, бүкіл Бабыл аймағының билеушісі және Бабылдың барлық білімпаздарының үстінен қарайтын басшысы етіп бекітті.
49Даниялдың өтінішімен патша Шадырақ, Мисақ пен Әбдінегоны Бабыл аймағының істерін атқарушылар етіп тағайындады. Ал Даниялдың өзі патша сарайында тұратын