1Кейінірек Набуходоносор патша алтыннан бір мүсін
2
4жаршы қатты дауыспен былай деп жариялады:
5Сендер керней, сыбызғы, домбыра, жетіген, шертер, сырнай
6Кімде-кім басын жерге жеткенше иіп тағзым етпесе, сол бірден лаулап жанып тұрған пешке тасталады!»
7Сондықтан керней, сыбызғы, домбыра, жетіген, шертер, сырнай әрі өзге де аспаптарда орындалған күйлерді ести сала, бүкіл ұлттар, халықтар және тілдердің адамдары бастарын жерге жеткенше иіп, Набуходоносор патша орнатқан алтын мүсінге тағзым етті.
8Сол кезде кейбір халдей жұлдызшылары
9Олар патшаға былай деп шағым айтты:
10О, патша, сіз «Әрбір адам керней, сыбызғы, домбыра, жетіген, шертер, сырнай және өзге де аспаптарда орындалған күйлерді ести сала алтын мүсіннің алдында басын жерге жеткенше иіп тағзым етсін!
11Кімде-кім басын жерге жеткенше иіп тағзым етпесе, сол лаулап жанып тұрған пешке лақтырылсын!» — деп әмір еткен едіңіз ғой.
12Осы арада өзіңіз Бабыл аймағының басқарушылары етіп тағайындаған Шадырақ, Мисақ пен Әбдінего деген яһудилер бар. Олар не сіздің берген әміріңізді менсінбейді, не тәңірлеріңізге ғибадат етпейді, не өзіңіз орнатқан алтын мүсіннің алдында иіліп тағзым етпейді!
13Осыны естігенде Набуходоносор патша қатты ашуланып, Шадырақ, Мисақ пен Әбдінегоны алып келуге бұйырды. Алдына әкелінген үш жігітке
14патша сұрақ қойып былай деді:
15Ендеше мойынсұнуға дайын болсаңдар, онда керней, сыбызғы, домбыра, жетіген, шертер, сырнай және өзге де аспаптарда орындалған күйлерді ести сала, бастарыңды жерге жеткенше иіп, өзім жасатқан алтын мүсінге тағзым етіңдер! Бірақ егер иіліп тағзым етпесеңдер, бірден лаулап жанып тұрған пешке лақтырыласыңдар! Сонда қандай құдай сендерді менің қолымнан құтқарып алар екен?!
16Шадырақ, Мисақ пен Әбдінего Набуходоносорға былай деп жауап қайырды:
17Егер лаулап жанып тұрған пешке лақтырылсақ та, ғибадат етіп жүрген Құдайымыздың бізді құтқаруға құдіреті жетеді. Ол бізді сіздің қолыңыздан құтқаратын болады да!
18Тіпті солай болмаса да, мынаны біліп қойыңыз, уа тақсыр: сіздің тәңірлеріңізге ғибадат етпейміз де, орнатқан алтын мүсініңіз алдында иіліп тағзым етпейміз де!
19Набуходоносор Шадырақ, Мисақ пен Әбдінегоге қаһарланып, оның кескіні бұзылып кетті. Ол пешті бұрынғыдан жеті есе ыстық етіп от жағылсын деп әмір етті.
20Содан соң әскерінен ең қуатты деген жауынгерлердің бірсыпырасына сол үш жігітті байлап-матап, лаулап жанып тұрған пешке тастауға бұйырды.
21Осылай үшеуі шапандары, шалбарлары, сәлделері және басқа да киімдерімен байланған күйлері лаулап жанып тұрған пештің ішіне лақтырылды.
22Патшаның бұйрығы қатаң және пештің ыстық болғаны соншалық, Шадырақ, Мисақ, Әбдінегоны пешке лақтырып жатқан адамдардың өздері отқа күйіп өлді.
23Ал сол үш жігіт Шадырақ, Мисақ, Әбдінего байланған күйлері лаулап жанып тұрған пештің ішіне құлап түсті.
24Бұған қарап тұрған Набуходоносор патша кенет таңғалып, орнынан ұшып тұрып, қасындағы кеңесшілерінен:
25Сонда патша:
26Содан ол лаулап жанып тұрған пештің аузына қарай барып:
27Аймақ әміршілері, қолбасшылар, әкімдер және патшаның кеңесшілері үш жігітті айналдыра жиналып, оттың оларға ешқандай зиян тигізбегеніне көздері жетті. Үшеуінің шаштары да күймепті, шапандары да өртенбепті, тіпті оттың иісі де оларға сіңбепті!
28Сонда Набуходоносор дауыстап былай деді:
29Сол себепті менің жарлығым мынадай: Егер кез келген халықтың, ұлттың не тілдің адамдары Шадырақ, Мисақ, Әбдінего сиынған Құдайға тіл тигізетін болса, олар шабылып өлтіріліп, үйлері жермен-жексен етілсін! Себебі басқа ешбір тәңір осылай құтқара алмайды!
30Содан патша Шадырақ, Мисақ, Әбдінегоны Бабыл аймағындағы бұрынғыдан да жоғары лауазымды қызметтерге тағайындады.
31
32Алла Тағаланың маған жасаған керемет те ғажап істері туралы айтып беруді жөн көрдім.
33Оның істері қандай ұлы, кереметтері қандай құдіретті! Құдайдың Патшалығы мәңгілік, Оның билігі ұрпақтан ұрпаққа жалғаса береді.