1Көп жылдан кейін Белшазар патша
2Соның дәмін татқаннан кейін Белшазар: «Атам Набуходоносор
3Содан Құдайдың Иерусалимдегі киелі үйінен тонап алынған алтын ыдыстар әкелінді. Патшаның өзі, оның басшы-ұлықтары, әйелдері мен кәнизактары сол ыдыстарға шарап құйып, іше бастады.
4Олар ішіп отырғанда, алтын, күміс, қола, темір, ағаш және тастан жасалған жалған тәңірлерін дәріптеп, мақтау айтты.
5Сол сәтте кенеттен адам қолының саусақтары пайда болып, шам қойғыштың тұсында сарайдың әктелген қабырғасына бір нәрсені жаза бастады. Патша жазып жатқан қолға қарап,
6қатты абыржып кетті. Ол қорыққанынан қалш-қалш етіп, өңі қуарып, екі тізесі бір-біріне соғыла дірілдеп отырды.
7Патша қатты айқайлап, балгерлер, жұлдызшылар және сиқыршыларды шақыртып алды. Бабылдың білімпаздары жиналған соң, Белшазар оларға былай деді: «Кімде-кім осы жазуды оқып, оның мағынасын түсіндіріп берсе, сол патшалықтың үшінші билеушісі болады! Оған күрең қызыл шапан жабылып, мойнына алтын алқа тағылады»,
8Патшаның шақырған білімпаз адамдарының бәрі алдына келді, бірақ ешқайсысы да жазуды не оқи, не түсіндіре алмады.
9Бұған Белшазар одан бетер үрейленіп, жүзі құп-қу болып қуарып кетті. Оның басшы-ұлықтары да дал болып састы.
10Осы кезде қонақасы беріліп жатқан жерге патша мен оның басшы-ұлықтарының айтқандары туралы хабар алған патшайым
11Патшалығыңызда киелі тәңірлердің рухы қонған бір адам
12Менің айтып отырған адамым Набуходоносор патша Балташазар деп ат қойған Даниял деген кісі. Ол өте зерделі, білімді және көреген адам. Оның түс жоритын, жұмбақтарды
13Сонда Даниял патшаның алдына әкелінді. Патша оған:
14Сен туралы киелі тәңірлердің рухы саған қонған, әрі ақыл-парасатың мен көрегендігің ерекше деген мәлімет алдым.
15Мына жазуды оқып, түсіндіріп берсін деп алдыма келтірілген білімпаздар мен балгерлердің ешбірі соны істей алмады.
16Бірақ сені түрлі жайттардың мағыналарын түсіндіріп, қиын мәселелерді шешіп бере алады деп естідім. Егер мына жазуды оқып, оның мағынасын түсіндіріп берсең, үстіңе күрең қызыл шапан жауып, мойныңа алтын алқа тағып, сені патшалықтың үшінші билеушісі етіп тағайындаймын, — деді.
17Даниялдың жауабы мынау болды:
18Уа, патша, Алла Тағала атаңыз Набуходоносорға патшалық билік пен ұлылық, даңқ, қадір-құрмет пен салтанат сыйлаған еді.
19Осындай ұлылыққа ие болған атаңыздан күллі ұлттар, халықтар мен тілдердің адамдары дірілдеп қорқатын. Патша өзі қалаған кісілерін не өлімге кесіп, не тірі қалдырып отырды, әрі өз еркіне сай олардың дәрежелерін не көтеріп, не төмендететін.
20Бірақ жүрегі тым тәкаппар болып қасарысқан кезде Набуходоносор патша тағынан айырылып, бар салтанатынан жұрдай болды.
21Ол адамдардың арасынан аластатылып, ақыл-есі өзгеріп, хайуандікіндей болып қалды. Сонда құландармен
22Ал сіз, оның ұрпағы
23Керісінше, Көктің Иесіне
24Сол себептен де Ол осы қолды жіберіп, мына жазуды жаздыртты.
25Жазылған сөздер мынадай: «Мене, мене, текел, у-парсин».
26Олардың түсіндірмесі мынау: «мене» — «Құдай патшалығыңның күндерін санап, оны тоқтатты» дегенді,
27«текел» — «Сен таразыға тартылып, жеткіліксіз деп табылдың» дегенді,
28ал «перес»
29Сонда Белшазардың әмірі бойынша Даниялға күрең қызыл шапан жабылып, мойнына алтын алқа тағылды. Ол патшалықтың үшінші билеушісі деп жарияланды.
30Дәл сол түні халдей патшасы
31Оның патшалығын мидиялық Дарий иемденді.