1Дарий билік құрған бүкіл патшалығына жүз жиырма аймақ әміршісін тағайындауды жөн көріп, онысын жүзеге асырды да.
2Бұған қоса патшаның мүддесін көздеп, аймақ әміршілерінің үстінен қарап, есеп алып отыратын үш уәзірді де бекітті. Сол үш уәзірдің біреуі Даниял болды.
3Даниял (Құдайдың Рухы дарытқан) асқан қабілетінің арқасында өзге екі уәзір мен аймақ әміршілерінен озық шықты. Сондықтан патша оны бүкіл патшалықты басқарушы етіп қоюды ойлады.
4Сонда басқа уәзірлер әрі аймақ әміршілері Даниялды айыптауға сылтау іздей бастады. Бірақ Даниял сенімді болып, жұмысын ұқыпты атқарғандықтан, олар оны кінәлайтындай бірде-бір қате не заңсыздық таба алмады.
5Ақырында олар: «Оның сиынатын Құдайының бұйырған заңына
6Содан уәзірлер мен аймақ әміршілері бір айла тауып, патшаның алдына жиналып, былай деді:
7Біз: патшалықтың уәзірлері, қолбасшылары, аймақ әміршілері, кеңесшілері және әкімдері бәріміз ақылдаса келіп, патша ағзам мынадай заңды қабылдап, жарлық шығарса, тиімді болар еді деген қорытындыға келдік: Кімде-кім отыз күндік мерзім ішінде өзіңізге емес, уа, патша иеміз, бір тәңірге не пендеге бас ұрып, өтініш жасаса, сол адам арыстандардың апанына тасталсын!
8Осылайша, уа, патша ағзам, бұл жарлықты бекіте көріңіз. Мидиялықтар мен парсылардың ешқашан күшінен айырылмайтын заңына сәйкес оны ешкім өзгерте алмастай етіп жазбаша түрде шығарта көріңіз.
9Дарий патша бұл жарлықты жазбаша шығартып, бекітті.
10Даниял мұны білсе де, бұрынғыдай күніне үш рет үйінің жоғарғы бөлмесіне көтеріліп, Иерусалимге қарай ашық тұрған терезенің алдына баратын. Сол жерде ол бұрын да істегеніндей тізерлеп отырып, сиынатын Құдайына мінажат етіп, Оны мадақтауын жалғастыра берді.
11Сонда оны көре алмайтындар жиналып, Даниялдың Құдайға сиынып, рақым көрсетуін сұрап тұрғанының үстінен түсті.
12Олар патшаның алдына барып, оның шығарған жарлығы туралы айта келіп:
13Сонда әлгілер:
14Мұны естігенде патша өзіне-өзі қатты наразы болды. Ол Даниялды құтқаруға ниеттеніп, күн батқанға дейін оны қалай да аман қалдыруға тырысты.
15Алайда манағы қызметкерлер қайтадан патшаның алдына жиналып:
16Содан патшаның әмірімен Даниял әкелініп, арыстандар қамалған апанға тасталды. Патша соның алдында Даниялға: «Сен өз Құдайыңа үздіксіз қызмет етіп келдің. Енді Ол сені құтқара көрсін!» — деген тілегін білдірген еді.
17Ешкім Даниялды құтқарып алмас үшін, апанның аузы дәу таспен жабылып, патша тасқа өзінің және әміршілерінің мөрлерін басып, бекітті.
18Бұдан соң патша сарайына кетіп, көңіл көтеруге зауқы соқпай, тамақтан да ауыз тимеді, түнімен көз шырымын да алған жоқ.
19Таң атар-атпастан патша орнынан тұрып, арыстандардың апанына қарай тартты.
20Апанға жақындап қалғанда мұңды дауыспен:
21Сонда Даниял былай деп жауап берді:
22Құдайым Өзінің періштесін жіберіп, арыстандардың аранын жауып тастап, олар мені ешқандай жарақаттаған жоқ. Өйткені Құдайдың алдында айыпсыз деп те табылдым. Уа, патшам, өзіңізге де ешбір зиян келтірген емеспін.
23Патша бұған қатты қуанып, Даниялды арыстандардың апанынан шығарып алуға бұйырды. Апаннан шыққан Даниялдың денесінен бірде-бір жарақат табылмады. Себебі ол өз Құдайына сенім артқан еді.
24Патша Даниялға тісін қайрап, жазықсыз кінә таққан адамдар туралы әмір шығарып, өздерін, әйелдері мен бала-шағаларын түгелдей арыстандардың апанына тастатты. Апанның түбіне жетпей жатып-ақ, арыстандар оларға бас салып, денелерінің мылжа-мылжасын шығарды.
25Содан соң Дарий жер бетіндегі
26Былай деп жарлық шығарамын: патшалығымның күллі жерлерінде халық Даниялдың сиынатын Құдайынан қалтырап қорқып, Оны терең қастерлейтін болсын!
27Құдай құтқарып, аман-есен қалдырады,
28Сонымен Даниялдың жағдайы Дарийдің, яғни парсы патшасы Кирдің,