1Мұнан кейін Рух мені көтеріп алды да, Жаратқан Иенің киелі үйінің Шығыс қақпасына алып келді. Қақпаның кіреберісінде жиырма бес ер адам бар екен. Солардың арасынан халықтың басшылары
2Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді: «Ей, пендем, мына адамдар зұлымдық ойлап, осы қаладағыларға жаман кеңес беріп:
3«Үй салатын
4Сондықтан да оларға қарсы ашықтан-ашық пайғамбарлық сөз айтып бер, ей, пендем!»
5Сонда маған Жаратқан Иенің Рухы қонып, мына сөздерді айтқызды: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Сендер осылай айтасыңдар, уа, Исраил халқы. Сендердің ойларыңда не туындайтынын Мен түгелдей білемін!
6Сендер бұл қалада көп адамды өлтіріп, оның көшелерін өліктермен толтырдыңдар.
7Сол себепті Мен, Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтамын: Сендер қаланың көшелерінде қалдырған сол өліктер ет іспетті, қала қазан сияқты болады.
8Семсерден қорқасыңдар, ал Мен сендерге қарсы жау семсерін жіберемін! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын.
9Сендерді қаладан қуып шығып, шетелдік басқыншылардың қолдарына тапсырамын. Осылай өздеріңе ауыр жаза тартқызамын.
10Сонда Исраилдің шекараларына дейін семсерден қырылып, мерт боласыңдар. Мен сендерге үкім шығарып, оны жүзеге асырамын. Содан Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар.
11Осы қала өздеріңе ешқандай қазан іспетті болмайды, сендер де оның ішіндегі ет іспетті аман қалмайсыңдар! Қайта, Мен сендерді Исраилдің шекараларына дейін қуып жазалаймын.
12Сонда Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар. Себебі Менің заңдарымды орындамай, шешімдеріме бағынбадыңдар. Керісінше, маңайларыңдағы халықтардың (Өзіме жиренішті) әдет-ғұрыптарына сай әрекет жасадыңдар».
13Мен Құдайдың осы хабарын жеткізіп тұрған кезімде-ақ
14Сол кезде Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді:
15— Ей, пендем, Иерусалимнің тұрғындары өзіңмен бірге жер аударылған елдестерің және бүкіл Исраил халқы туралы былай деп жүр: «Жаратқан Иеден аулақ кетіңдерші! Енді бұл ел бізге мұралық меншікке берілді!»
16Сондықтан (жер аударылғандар жайлы) былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен оларды алыстағы халықтардың арасына таратып, түрлі елдерге шашыратып жіберсем де, олар Маған азғана уақыт бойы сол барған жақтарында табынатын болады.
17Сонымен (шашырап кеткен халқыма) былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен сендерді Өзім араларына шашыратып жіберген елдер мен халықтардың арасынан қайта жинап аламын. Сендерге Исраил елін қайтадан табыстаймын.
18Осылай халқым еліне қайтып келгенде, жалған тәңірлердің ондағы жиренішті мүсіндері мен жексұрын бейнелерінің бәрін алып тастайтын болады.
19Мен оларға біртұтас жүрек сыйлап, жаңа рух дарытамын.
20Сонда олар Менің ережелерімді ұстанып, заңдарыма бағынып соларды орындайтын болады.
21Алайда жүректері өздерінің жалған тәңірлердің жиренішті мүсіндері мен жексұрын бейнелеріне құмартқандар болса, олардың бастарына өз істегендеріне сай жазаларын түсіремін! — Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын.
22Мұнан кейін керубтер қанаттарын жайып, жандарындағы дөңгелектерімен бірге жоғары көтерілді. Исраилдің Құдайының нұрлы салтанаты олардың үстіңгі жағында тұрды.
23Содан соң Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты қаланың ішінен көтеріліп, оның шығысындағы таудың үстіне барып тоқтады.
24Кейін Рух мені көтеріп алып, Бабылға жер аударылғандарға қайта алып келді.
25Соңынан мен Жаратқан Иенің өзіме білдірген хабарларының бәрін де жер аударылған елдестеріме айтып бердім.