1Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты маған осылай көрінді. Мұны көре салысымен мен жерге етпетімнен жата кеттім. Сонда өзіме сөйлеп тұрған бір дауысты естідім. Ол: «Ей, пендем,
2Сол дауыс сөйлей бастағанда, Рух
3Ол былай деді: «Ей, пендем, Мен сені Исраилдің үрім-бұтағына — Маған қарсы шыға беретін бас көтергіш халыққа жібермекшімін. Олардың өздері де, ата-бабалары да осы күнге дейін Маған қарсы бас көтеріп келеді.
4Мен сені жіберетін халық тоңмойын қыңыр. Оларға: «Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады» деп жарияла!
5Сонда олар тыңдаса да, тыңдаудан бас тартса да — олар бас көтергіш халық
6Ал сен, уа, пендем, не олардың өздерінен де, не айтқан сөздерінен де қорқушы болма! Тіпті тікенді бұта мен ошағандар айналаңды қаптап, улы шаяндардың арасында тұрып жатсаң да, қорқушы болма!
7Тыңдаса да, тыңдамаса да, — олар әбден бас көтергіш қой, — бәрібір, оларға Менің сөздерімді жеткізетін бол!
8Ал өзің, пендем, Менің саған айтатыныма құлақ сал! Анау бас көтергіш халық сияқты, сен де Маған бағынбай кетуші болма! Аузыңды ашып, өзіңе беретінімді же!»
9Содан соң қарасам, маған қарай созылған бір қолды көрдім. Сол қол маған бір шиыршық кітапты
10Жаңағы қол әлгі кітапты менің алдымда ашты. Оның екі жағына да жоқтау мен қайғы-қасіреттің сөздері жазылыпты.