1(Біздің Бабыл еліне жер аударылғанымыздан
2«Ей, пендем, Тир қаласының
3Сондықтан Мен, Жаратушы Тәңір Ие, мынаны айтамын: Біліп ал, уа, Тир қаласы, Мен саған қарсы шығамын! Теңіздің жағалауға қарай толқындарын жөңкіте айдағанындай, Мен де саған қарсы көптеген халықтарды жөңкіте айдаймын.
4Олар қала қамалының қабырғаларын қиратып, мұнараларын құлатады. Мен оның қираған орнының топырағын сыпырып тастаймын. Осылай Тир қаласы салынған аралдар қу жартас болып,
5балықшылар ауларын жаятын теңіздегі орынға айналады. Өйткені Мен осылай деймін, — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие. — Содан Тир бөтен халықтардың олжасы болады.
6Құрлықтағы
7Өйткені Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Біліп қойыңдар, Мен солтүстіктен патшалардың ішіндегі ең қуатты патша — Бабыл патшасы Набуходоносорды ат жегілген соғыс күймелері, атты әскері және қалың қолымен бірге алып келмекпін.
8Ол алдымен сенің құрлықтағы қалашықтарыңды құртады. Сосын мұнаралы қамалыңды айналдыра қоршап дуал жасап, қабырғаларыңның түбіне тас-топырақтан үймектер үйіп, саған қарсы үлкен қалқандарын көтереді.
9Сосын өзінің қамал бұзар қойдырғыларымен қабырғаларыңды бұзып, айбалталарымен мұнараларыңды құлатады.
10Оның жылқыларының көп болатыны сонша, солардың көтерген шаңының астында қаласың. Олар қақпаңды қиратып, қалаға басып кіріп келгенде, салт аттылар, соғыс күймелері және арбалардың дүрсілінен қабырғаларың селкілдейтін болады.
11Оның жылқыларының тұяқтары сенің барлық көшелеріңді таптамақ. Ол халқыңды семсерімен қырып, күш-қуатыңның белгілері құлайды.
12Жау сенің байлығыңды тонап, тауарларыңды олжалап алады, қабырғаларыңды құлатып, сәулетті үйлеріңді қиратады. Сендегі барлық тас, ағаш және топырақ атаулыны теңізге лақтырып тастайды.
13Мен сенің әндеріңнің шулы әуенін сап тыямын, ішекті аспаптарыңның үні де ендігәрі естілмейтін болады.
14Сені жалаң жартасқа айналдырамын, сен балық аулайтын торларды жайып кептіретін жер боласың. Сені енді ешкім қайта тұрғызбайды! Себебі бұны айтып отырған Мен Жаратқан Иемін!» — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие.
15Жаратушы Тәңір Ие Тир қаласына
16Сонда теңіз жағалауындағы елдердің барлық әміршілері өз тақтарынан түсіп, шапандарын сыпырып, кестелі киімдерін шешеді. Оларды қорқыныш билеп, ұдайы қалшылдап жерде отыратын болады. Сенің тартқан жазаңнан олар аңтарылып, зәрелері ұшады.
17Сол әміршілер сен жайлы жоқтау айтып былай дейтін болады:
18Ал енді, сен құлаған бұл күні жағалаулар
19Өйткені Жаратушы Тәңір Ие Тир қаласы туралы мынаны да айтады: «Мен сені қиратамын, ешкім тұрмайтын қалалар сияқты етіп тұңғиықты үстіңе шығарамын. Топан су сені басып тастамақ.
20Сонда Мен сені түпсіз тұңғиыққа түсіп бара жатқандармен бірге ежелде өмір сүріп кеткендердің арасына түсіремін. Сені жер астында, баяғы үйінділердің арасында қалдырамын. Содан сені ешкім мекендемейді, тірілердің жерінде құрметті орын ала алмайсың.
21Осылай Мен ақырыңды өте қорқынышты қыламын, сен мүлдем құрисың. Сені іздесе де, ешқашан табылмайсың!» — Жаратушы Тәңір Ие осыны кесіп айтады.