1Жаратқан Ие маған тағы сөзін арнап былай деді:
2«Ей, пендем, Тирге арнап жоқтау айт.
3Тир теңізге шығар қақпада билік етіп, көптеген аралдармен және жағалаулардағы халықтармен сауда-саттық жасайтын. Сонымен Тир жайлы былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады:
4Сенің шекараларың теңіздің ортасына дейін жететін.
5Сен бір кеме сияқты болдың, тақтайларыңды Хермон тауының қарағайынан
6Ескектеріңді Башанның емендерінен ойып жасады. Үстіңгі қабатыңның еденін Кипр жағалауынан әкеліп, пілдің сүйегімен әшекейленген кипарис ағашынан төседі.
7Желкендеріңді мысырлық кестелі бәтестен тікті. Олар жалауың іспетті үстіңде жайқалып тұрды. Үстіңгі шатырың (Кипр аралындағы) Елишаның жағалауларынан әкелінген қою күлгін және күрең қызыл бәтестен жасалды.
8Ескекшілерің Сидон мен Аруадтан шыққан финикиялықтар, ал епті кеме жүргізушілерің өз шеберлеріңнен еді, уа, Тир қаласы!
9Кеме түбінің тесік-саңылауын бітеп жөндеу үшін гебалдық тәжірибелі аға шеберлер де өзіңде бар болатын, теңізде жүзетін күллі кемелер саудаласу үшін саған тоқтайтын.
10Ей, Тир қаласы, парсылар, лүдиялық және либиялық адамдар
11Аруадтықтар кіликиялықтармен
12Сен әр түрлі тауарларға бай болғандықтан Тарсис
13Грекиялық, тұбалдық және мешехтік
14Бет-Тоғарма
15Өзіңмен дедандықтар да сауда-саттық жасайтын, көптеген басқа аралдар мен жағалау елдері де сенімен тауарларын айырбастайтын. Олар саған төлем ретінде пілдің азу сүйегі мен қара ағаш әкелетін.
16Бұйымдарың ағыл-тегіл мол болғандықтан, Арама
17Яһуда мен Исраил елдері де өзіңмен саудаласатын. Тауарларыңа олардың беретіні — (Аммон елінен әкелінген) миниттік бидай, тәтті тағамдар,
18Бұйымдарың ағыл-тегіл мол әрі байлығың зор болғандықтан Дамаск қаласы саған хелбондық
19Узалдан дандықтар мен гректер де келіп, сенің тауарларыңның орнына қақталған темір, дәмқабық ағашының кептірілген гүлдерін және хош иісті құрақ
20Дедан шұратының саудагерлері мініс малына арналған ер-тоқымдық матамен сауда жасайтын.
21Сен Арабиямен және Қидардың
22Сәба мен Рахаманың
23(Арамадағы) Харан, Хане, Еден қалалары
24Сенің базарыңда олар қымбат, сәнді шапандар, көк, қою күлгін және кестелі маталармен, әрі баулары берік иіріліп, тығыз байланған түрлі түсті кілемдермен
25Алып сауда кемелері
26Ескекшілерің сені ашық теңізге алып шығатын. Ал енді шығыстан соққан «дауылды жел»
27Бар байлығың, тауарларың мен бұйымдарың, теңізшілерің мен кеме бастықтарың, тесік-саңылауларды бітеп жөндеуші шеберлерің, саудагерлерің және барлық жасақшыларың өзіңде болғандардың бәрімен бірге талқаның шыққан күні теңіз түбіне кетіп құриды.
28Кеме басқарушыларыңның айқайынан тіпті жағалаудағы дала да сілкінбек.
29Күллі ескекшілер де кемелерін тастап кетіп, теңізшілер мен кеме басқарушылары да жағада тұрып,
30сені ойлап бар дауыспен зар еңіреп, жоқтау айтып ащы көз жастарын төгеді. Олар бастарына топырақ шашып, қатты қайғырып күлге аунайды,
31әрі сені жоқтап шаштарын тақырлап алып тастап, азалы киім
32сен үшін былай деп жоқтау айтатын болады:
33Тауарларың теңіздің ар жағынан келгенде, көптеген халықты қамтамасыз еттің. Өзіңнің мол байлығыңмен, саудаңмен әлемдегі патшаларды байытатын едің.
34Ал енді сен теңізде ойрандалып, тұңғиыққа шөгіп жоғалдың. Барлық тауарларың мен адамдарың өзіңмен бірге суға батып кетті.
35Аралдар мен жағалаудағы елдердің бәрі саған қарап аңтарылып, жандары түршігеді. Олардың патшаларының зәре-құты қалмай, өңдері қашқан.
36Басқа ұлттардың саудагерлері саған қарап мазақтап ысқырады. Себебі сен қорқынышты күйреуге ұшырап, бұдан былай еш болмайсың».