1Бұдан кейін Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді:
2«Пендем, Тирдің әміршісіне мына хабарымды жеткіз: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Жүрегің мейлінше асқақтап сен өзің туралы: «Мен тәңірмін, теңіз ортасындағы тәңір тағында отырмын!» дейсің. Өзіңді тәңірмін деп
3Әрине, сен Даниялдан да дана екенсің.
4Өзіңнің даналығың мен ақыл-парасатың арқылы байлыққа қол жеткізіп, қазына қоймаларыңа алтын-күмісті молынан жинап алыпсың.
5Расында да сауданы жетік білуіңмен сен байлық-дәулет пен күш-қуатыңды нығайттың. Содан да жүрегің мейлінше менменсіп кетті».
6Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Өзіңді тәңір іспетті данамын деп санайтындығыңнан,
7біліп қой: Мен саған қарсы жат жерліктерді, халықтардың арасындағы ең қатыгезін
8Сөйтіп сені о дүниеге тастайды. Теңіздің ортасында арам өліммен құрисың!
9Өзіңді өлтіруге келгендердің алдында «Мен тәңірмін!» деп айтасың ба сонда? Өлтірушілеріңнің қолына түскенде сен тәңір емес, жай ғана пенде боласың ғой.
10Сонда сүндеттелмеген
11Жаратқан Ие маған тағы да сөзін арнап былай деді:
12«Ей, пендем, Тир патшасын жоқтап, оған былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Сен даналыққа кенелген, мінсіз келбетті әрі кемелділіктің үлгісі
13Сен Едемде, Құдайдың пейіш бағында
14Мен сені қанаттарын жайған (керуб атты) күзетші періштемен бірге орналастырдым.
15Сен жаратылған күніңнен бастап жүріс-тұрысыңда кінәратсыз болып келдің.
16Саудаңның молдығынан зорлық жасауға әбден салынып, күнәға баттың. Сондықтан Мен сені арамданған деп санап, Құдайдың тауынан лақтырып тастадым. Күзетші періште (керуб) сені оттай жарқылдаған асыл тастардың арасынан аластатып қуды.
17Өйткені әсем келбетіңнен асқақтап кеткен едің. Нұрлы салтанатыңа салынғаныңа бола даналығыңды бүлдірдің. Содан Мен сені жерге, басқа патшалардың алдына лақтырдым, олар саған қызыға қарайтын болды.
18Саудаңды әділетсіз жасап, көптеген қылмыстарыңмен ғибадатханаларыңды арамдадың. Сондықтан Мен ортаңнан от шығарып, ол сені жалмап қояды. Осылай Мен өзіңе қарап тұрғандардың көзінше сені күлге айналдырып, құртатын боламын.
19Халықтардың арасындағы өзіңді білетіндер саған қарап аңтарылып, жандары түршігетін болады. Сен өте қорқынышты апатқа тап болып, енді қайтып болмайсың!»
20Жаратқан Ие маған тағы да сөзін арнап былай деді:
21«Пендем, бет-жүзіңді Сидон қаласына қарай бұр да, оған қарсы Менің хабарымды жариялап
22былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп ал, ей, Сидон, Мен саған қарсы шығамын!
23Себебі Мен Сидонға жұқпалы індет пен қантөгіс жіберемін, сонда көшелерінде қан судай ағатын болады. Семсерлі жау Сидонға жан-жақтан тап беріп, тұрғындары қаланың ортасында шабылып, құлап жатады. Мұны көргендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады».
24«Бұдан былай айналасындағы көршілері Исраил халқына менсінбей қарамайды, әрі жаңқадай қадалып, өткір тікендей ауыртпайды. Өйткені олар Менің Жаратушы Тәңір Ие екенімді түсінетін болады».
25Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Мен Исраил халқын өздері арасына шашырап кеткен елдердің ішінен жинап аламын. Олар арқылы сол халықтардың көзінше Өзімнің киелілігімді жария етемін.
26Олар сол елде еш қауіпсіз тұрып, үйлерін салып, жүзімдіктерін отырғызбақ. Мен оларды жәбірлеген көрші халықтарға шығарған үкімімді жүзеге асырған кезде исраилдіктер аман-есен тұратын болады. Сонда олар өздерінің Құдайы Жаратқан Иенің Мен екенімді түсінеді.