1Жаратқан Ие маған қайтадан сөзін арнап былай деді:
2«Ей, пендем, пайғамбарлық сөз айтып былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Әттеген-ай, сол күні қасіретке қалатын болдық-ау!» деп қатты қайғырып жылаңдар!
3Өйткені сол күн жақындап қалды. Иә, Жаратқан Иенің (жазалайтын) күні
4Семсер Мысырға тап бермек, Құш елін
5Құш, Либия, Лүдия, күллі арабтар, Хуб,
6Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: Мысырды қолдайтындар құлап, оның асқақ қуаты құлдырайды. Солтүстіктегі Миғдолдан оңтүстіктегі Асуанға дейін созылатын бүкіл Мысыр елі семсерден қырылатын болады. Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын.
7Мысыр қаңырап қалған елдердің арасындағы ең елсізі, әрі оның қалалары қираған қалалардың ішіндегі ең бос жататыны болады.
8Мен Мысырға от қойып, оны қолдаушылардың барлығы күйрегенде, бұл туралы естігендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады.
9Сол кезде Мен бейқам отырған Құш елін қорқытып, зәресін ұшыруға қайықтарға мінген елшілерді
10Жаратушы Тәңір Ие мынаны да айтады: «Мен Мысырдың шулы халқын
11Оның өзі және әскері — барлық халықтардың арасындағы ең қатыгезі
12Мен Ніл өзенінің тармақтарын құрғатып, елді зұлым адамдарға сатып жіберемін. Жат жерліктердің қолымен бүкіл елді, онда бардың бәрін құртып қаңыратамын. Мен, Жаратқан Ие, осыны айтамын».
13Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны да айтады: «Мен Мемфис қаласында
14Оңтүстік Мысырды елсіз жерге айналдырып, (солтүстік Мысырдағы) Соған қаласына от қоямын, әрі Но
15Өз қаһарымды Мысырдың шекарасындағы күшті қамал — Син
16Мен Мысыр еліне «от қоямын». Сонда Син қаласы жаны қиналып жанталасады, Но шабуылдан күйреп қолға түседі. Мемфиске жау күн сайын бас салады.
17Он мен Бубаст
18Мен Мысырдың билігін жойғанда, Тахпанхес
19Мен Мысырға шығарған үкімімді осылай жүзеге асырамын. Сонда олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады».
20(Біздің Бабыл еліне жер аударылғанымыздан кейінгі) он бірінші жылдың бірінші айының жетінші күні
21«Пендем, Мен Мысыр патшасы перғауынның қолын сындырған едім. Ал оның қолын ешкім таңбапты, әрі қолын нығайтып, семсерді қайта ұстай алатындай қылып емдемепті.
22Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп қойыңдар, Мен Мысыр патшасы перғауынға қарсы шығамын. Оның екі қолын: сау қолын да, сынған қолын да сындырамын. Осылайша оның қолынан семсерін жерге түсіріп тастаймын.
23Мысырлықтарды басқа ұлттардың арасына таратып, бөтен елдердің ішіне шашыратып жіберемін!
24Мен Бабыл патшасының қолдарын күшейтіп, оның қолына өз семсерімді ұстатамын, ал перғауынның қолдарын сындырамын. Ол Бабыл патшасының алдында өлімші болып жараланған адамдай ыңырситын болады.
25Осылай Мен Бабыл патшасының қолын күшейтемін, бірақ перғауынның қолы әлсіреп, жасық болады. Мен семсерімді Бабыл патшасының қолына ұстатып, ол соны Мысыр еліне қарсы жұмсағанда, олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады.
26Мен мысырлықтарды басқа ұлттардың арасына таратып, бөтен елдердің ішіне шашыратып жіберемін. Сонда олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады».