1Жаратқан Ие маған тағы сөзін арнап былай деді:
2«Пендем, Исраилдің «отарын бағушы» жетекшілеріне
3Сендер оның майлы сүтін ішіп, жүнінен киім киесіңдер, қоңдыларын сойып жейсіңдер, бірақ отарларыңды дұрыс бақпайсыңдар.
4Әлсіздерін бордақылап, ауруларын емдемедіңдер, мертіккендерін таңып, қуылып бытырағандарын
5Қамқорлайтын бағушылары болмағандықтан, Менің қойларым жан-жаққа шашылып, көбі жыртқыш аңдарға жем болды.
6Осылай отарым күллі тау-төбелер мен биік қырларда бытырап босып кетті. Иә, Өзімнің отарым бүкіл жер бетіне шашырап кетті! Ал оларды іздеп табуға тырысқан ешкім болған жоқ.
7Сондықтан, ей, бақташылар, Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңдар!
8Мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие өз атымен ант етіп былай дейді: Менің отарым өзіне қамқорлық жасайтын бағушысы болмағандықтан тоналып, олжаға айналып, барлық жыртқыш аңдарға жем болды. Иә, Өзім тағайындаған бақташылары адасқан отарымды еш іздеген жоқ! Қайта, олар Менің отарымды емес, өз қара бастарының қамын ғана ойлады.
9Сондықтан, ей, бақташылар, Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңдар:
10Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп қойыңдар, енді Мен сол бақташыларға қарсы шығамын! Олардан қойларым үшін жауап беруін талап етемін, отарымды енді қайтып оларға баққызбаймын. Сол бағушылардың тек өз бастарының ғана қамын ойлауларын доғартып, қойларымды олардың аранынан арашалап аламын. Осылайша қойларым енді қайтып соларға жем болмайды».
11Сонымен Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Біліп қойыңдар, енді Мен Өзім қойларымды іздеп, тауып алып, бағамын.
12Қойшы қамқорлығындағы жайылып, бытырап кеткен қойларына назарын аударып, оларды іздеп, тауып алатынындай, Мен де «қойларымды» іздеп, табамын. Иә, бұлтты да қараңғы күні
13Сонда халқымды өзге халықтардың арасынан қайтарып алып шығып, бөтен елдерден жинап аламын да, еліне алып келемін. Сонда халқымды Исраилдің қыратты жерінде, оның бұлақтарының маңында және елдің күллі қоныстанған аудандарында бағамын.
14Мен оларды Исраилдің биік тау-төбелеріндегі құнарлы жайылымдарда жайып жүремін. Сонда олар шұрайлы өрістерде оттап тынығып, Исраилдің қырат-қырқаларындағы шөбі шүйгін жайлауларда жайылып жүреді.
15Мен Өзім қойларымды бағамын
16Мен жоғалғандарын іздеп, адасқандарын
17Ал, «отарым»,
18Шұрайлы жайылымда жайылып жүргендеріңнің өзі сендерге шынымен азшылық ете ме? Ендеше неге жайылымның қалғанын тұяқтарыңмен таптайсыңдар?! Таза су ішіп жүргендерің сендерге аз ба? Ендеше неге судың қалғанын аяқтарыңмен лайлайсыңдар?!
19Неліктен Менің «отарым» сендер тұяқтарыңмен таптаған шөпті жеп, лайлаған суды ішулері керек?!
20Сондықтан Мен, Жаратушы Тәңір Ие, оларға мынаны айтамын: Біліп қойыңдар, Мен Өзім қоңды қой мен арық қойдың арасына әділ шешім шығарамын.
21Сендер әлсіздердің барлығын бүйірлеріңмен, иықтарыңмен итергіштеп, мүйіздеріңмен сүзгіледіңдер. Содан оларды отардан сырт бытыратып, қуып жібердіңдер.
22Сондықтан Мен «отарымды» құтқарамын. Олар енді қайтып ешкімнің олжасы болмайды. «Отарымдағы екі қойдың» арасындағы дауға Өзім әділ шешім шығарамын.
23Және олардың үстінен бір бақташыны, өз қызметшім Дәуітті,
24Мен, Жаратқан Ие, олардың Құдайы, ал қызметшім Дәуіт олардың арасындағы әмірші болады. Өзім, Жаратқан Ие, осыны уәде етемін.
25Мен олармен амандық пен тыныштық туралы Келісім
26Осылайша оларды да, Өзіме бағышталған Сион тауының айналасындағы жерлерді де жарылқаймын. Мен жаңбырларды мезгілінде жіберемін, олар жарылқау әкелетін жаңбыр болады.
27Даладағы ағаштар өз жемісін, жер өз өнімін бермек. Сөйтіп халық елде аман-есен тұратын болады. Мен халқымның мойнына салынған мойынтұрықты сындырып,
28Халқым енді қайтып өзге халықтарға олжа болмайды, елдің жыртқыш аңдары да оларды жалмамайды. Халық қауіпсіз өмір сүріп, ешкім оларды қорқытпайтын болады.
29Мен оларға керемет құнарлы егістіктерді сыйлап, енді қайтып олар елде аштықтан қырылмайды. Осылайша бұдан былай өзге халықтардың табасына ұшырамайды да.
30Сонда олар Менің өздерінің Құдайы Жаратқан Ие екенімді, әрі жар болып олармен бірге екенімді, ал өздерінің, яғни Исраил халқының, Менің халқым екенін білетін болады», — деп уәде етеді Жаратушы Тәңір Ие.
31«Осылайша сендер Менің жайылымымда бағып жүрген «отарым» — адамдарымсыңдар, ал Мен сендердің Құдайларыңмын!» — Жаратушы Тәңір Ие осыны нық айтады.