1— Ал енді, пендем, күйдірілмеген кірпішті
2Қаланы қоршауға алуды бейнелеп көрсет. Оған қарсы бекіністер тұрғызып, қабырғаларының маңына тас-топырақтан үймек үй. Сосын әскер қостарын тігіп, айналасына қамал бұзатын қондырғыларды орналастыр.
3Содан соң нан жабатын темір таба ал. Оны темір қабырға іспетті өзің мен қаланың арасына орнат.
4Мұнан кейін сол жағыңа жат та, Солтүстік Исраилдің халқының кінәсін
5Олар қанша жыл күнә жасаған болса, Мен де саған сонша күнді белгіледім. Сонымен сен үш жүз тоқсан күн бойы Солтүстік Исраил халқының кінәсін өзіңе жүктеп аласың.
6Сол үш жүз тоқсан күн біткен соң, қайтадан жат, бірақ бұл жолы оң жағыңа жат. Сен енді Яһуда халқының кінәсін
7Бет-жүзіңді Иерусалим қаласының қамал қабырғасына қарай бұр! Қолыңды жалаңаштап көтеріп, қаланың күнәлары үшін құритыны туралы оған қарсы Менің хабарымды жеткіз!
8Сенің қаланы қоршауға алған күндерің бітпейінше, Мен сені бір жағыңнан екінші жағыңа аунай алмайтын етіп, арқанмен байлап-матап тастаймын.
9Өзіңе бидай мен арпа, үрме бұршақ пен жасымық, тары және бидайға ұқсас өзге дәнді дақылдар
10Өзіңе күніне жиырма мысқалдан
11Күніне өзіңе бір-бір шағын құмырадан су
12Сол тамағыңды арпа күлшелеріндей қылып дайындап же. Отын ретінде адамның кепкен нәжісін жағып, күлшелерді жұрттың көз алдында соның үстінде пісіретін бол! —
13Жаратқан Ие соған қоса тағы былай деді: — Мен Исраил халқын басқа халықтардың арасына қуып жібергеннен кейін, олар сонда осындай арам тамақтарды жейтін болады! —
14Ал мен:
15Жаратқан Ие:
16Бұдан соң Ол маған былай деп түсіндірді: — Пендем, Мен Иерусалимді күн көріп келген нанынан құр қалдырамын.
17Өйткені тамақ пен су жетіспей, адамдар бір-біріне аңтарылып, үреймен қарап, өз күнәларының кесірінен әлсіреп құритын болады.