1Содан соң хабаршы мені киелі үйдің қасиетті бөлмесіне
2Кіреберістің ені он шынтақ, ал оның екі жағындағы шығыңқы қабырғалардың ені бес шынтақтан болды. Хабаршы киелі үйдің қасиетті бөлмесін өлшегенде, оның ұзындығы қырық шынтақ, ені жиырма шынтақ екен.
3Содан соң ол ең қасиетті бөлмеге кірді де, оның кіреберістегі шығыңқы қабырғаларын өлшеді. Солардың әрқайсысының ені екі шынтақтан болды. Кіреберістің өз ені алты шынтақ, оның екі жағындағы шығыңқы қабырғалардың ені жеті шынтақтан болды.
4Содан соң хабаршы қасиетті бөлменің арғы жағындағы бөлменің ені мен ұзындығын өлшеді. Екеуі де жиырма шынтақтан екен. Хабаршы маған: «Бұл — ең қасиетті бөлме», — деп түсіндірді.
5Кейін хабаршы киелі үйдің қабырғасын өлшеді. Соның қалыңдығы алты шынтақ екен. Киелі үйдің екі бүйірі мен арт жағын жапсарлай салынған қосалқы бөлмелердің
6Осы бөлмелер бірінің үстіне бірі, үш қабат етіліп салыныпты. Әр қабатта отыз бөлмеден болды.
7Осылайша жоғарғы бөлмелер өздерінің астында орналасқан бөлмелерден кеңірек болды. Жоғарғы бөлмелерді көтеріп тұратын төменгі бөлмелер қабаты жоғарылаған сайын кеңейе түседі, себебі киелі үйдің қабырғалары кертпештеніп құрылды. Бірінші қабаттан баспалдақпен ортаңғы, одан жоғарғы қабатқа да көтерілуге болатын еді.
8Мен киелі үйдің айналасындағы қосалқы бөлмелердің бір негіздің үстінде тұрғанын көрдім. Негіз бір саты көтеріңкі тегіс жатты. Оның биіктігі бір өлшеуіш таяқ, демек алты шынтақ,
9Қосалқы бөлмелердің сыртқы қабырғасының қалыңдығы бес шынтақ екен.
10діни қызметкерлердің бөлмелерінің арасындағы ашық алаңқайдың ені жиырма шынтақ болды. Бұл алаңқай бүкіл киелі үйді айналдыра жатты.
11Қосалқы бөлмелерге осы ашық алаңқайдан солтүстік және оңтүстік жақтан кіруге болатын. Ашық алаңқаймен шектесіп тұрған негіздің ені барлық жағынан бес шынтақты құрады.
12Киелі үйдің ауласының батыс жағында орналасқан ғимараттың ені жетпіс шынтақ еді. Ғимараттың қабырғасының қалыңдығы барлық жерінде бес шынтақ, ал ғимараттың ұзындығы тоқсан шынтақ болды.
13Бұдан соң хабаршы киелі үйдің сыртын өлшеді. Соның ұзындығы жүз шынтақ, алдындағы ауланың және қабырғаларымен бірге өлшенген ғимараттың жалпы ұзындығы жүз шынтақ болып шықты.
14Киелі үйдің алдындағы алаңқайды қосқанда оның шығыс жағындағы ауланың
15Содан соң әлгі хабаршы киелі үйдің артындағы аулаға қарайтын ғимараттың ұзындығын өлшеді, ол жүз шынтақ болды. Сол ғимараттың екі жағынан қосалқы бөлмелер шығып тұрды.
16ағаш тақтайлармен қапталған еді. Осы үшеуінің айналасындағы табалдырықтар, терезелер және қосалқы бөлмелер де табалдырықтан бастап жоғарыға қарай терезелерге дейін ағаш тақтайлармен қапталған екен. Терезелердің алдында кереге көз іспетті торлар орналасыпты.
17Киелі үйдің ең қасиетті бөлмесіне кіреберістің үстіндегі орын және қабырғалардың сыртқы, ішкі жақтары да белгілі қалыпқа сәйкес дайындалған ағаш тақтайлармен қапталыпты.
18керуб атты күзетші періштелер
19біріншісі — адамның жүзі, ол бір жағындағы құрма ағашына, ал екіншісі — арыстанның жүзі,
20Қасиетті бөлменің қабырғасында еденнен кіреберістің үстіндегі орынға дейін күзетші періштелердің және құрма ағаштарының бедерлері ойылып салынған екен.
21Қасиетті бөлменің есігінің жақтаулары тік төртбұрышты еді. Ең қасиетті бөлмеге апаратын есіктің жақтаулары да дәл осындай пішінде болды. Осы есіктің алдында
22құрбандық үстелі тұрды. Соның биіктігі үш шынтақ, ені мен ұзындығы екі шынтақтан еді. Үстелдің бұрыштарындағы мүйіз тәрізді шошақтары,
23Қасиетті бөлменің де, ең қасиетті бөлменің де қос-қостан жарма есіктері болды.
24Әр есіктің бірімен-бірі топсамен бекітілген екі бөлігі бар екен.
25Қабырғалардағы сияқты, қасиетті бөлменің есіктеріне де күзетші періштелер мен құрма ағаштарының бедерлері ойылып салынған болатын.
26Бағаналы кіреберістің екі жағындағы қабырғаларда ойылып салынған құрма ағаштарының бедерлері және тор көздері бар терезелер болды. Киелі үйдің қосалқы бөлмелерінде де ағаш төбелер бар еді.