1Сол кезде Кесарияда
2Үй ішімен шын жүректен Құдайды қастерлейтін Корнел яһуди халқының кәріп-қасерлеріне көп қайырымдылық жасап, ұдайы Құдайға сиынып мінажат етіп жүретін.
3Бір күні түс қайта сағат үш шамасында Корнел Құдайдың бір періштесінің берген аянын анық көрді. Періште үйге кіріп, Корнелдің қарсы алдына тұра қалып:
4Одан көз алмай, шошып кеткен жүзбасы:
5Енді біреулерді Иоппеге жіберіп, Шимон Петір деген адамды шақырт.
6Ол тері илеуші Шимонның теңіз жағасындағы үйінде тұрып жатыр, — деп жауап берді.
7Өзімен сөйлескен періште ғайып болып кеткеннен кейін Корнел қызметшілерінің екеуін және өзіне қызмет етіп жүрген жасақшыларының біреуін шақырып алды; ол да Құдайды қастерлейтін кісі еді.
8Соларға бәрін айтып түсіндіріп, Иоппеге жіберді.
9Келесі күні бұлар қалаға жақындап қалғанда, Петір түс кезінде мінажат ету үшін үйдің төбесіне көтерілді.
10Оның қарны ашып, тамақ жегісі келіп кетті. Ас дайындалып жатқан кезде Петір бір ерекше күйге енді.
11Сонда ол көктің ашылып, одан үлкен дастарқанға ұқсас бір нәрсенің төмендеп келе жатқанын көрді; дастарқан төрт бұрышынан ұсталған күйі жерге қарай түсіріліп келе жатты.
12Оның ішінде алуан түрлі төрт аяқты жануарлар, бауырымен жорғалаушылар және жабайы құстар бар екен.
13Бір дауыс:
14Петір:
15Дауыс екінші рет естіліп:
16Осы көрініс үш рет қайталанып, содан дастарқан дереу көкке көтеріліп кетті.
17Петір көрген аянының нені білдіретінін түсіне алмай тұрғанда, Корнел жіберген адамдар Шимонның үйін іздеп, қақпа алдына тоқтады.
18Олар: «Осы үйде Шимон Петір деген қонақ бар ма екен?» — деп дауыстап сұрады.
19Петір көрген аяны туралы әлі ойланып тұрғанда, Киелі Рух оған: «Қарашы, сені үш кісі іздеп келді.
20Орныңнан тұрып, жерге түс; ойланбай-ақ солармен бірге жолға шық! Себебі оларды Мен жібердім», — деп тапсырды.
21Петір төмен түсіп, келген адамдарға жолығып:
22Олар былай деді:
23Петір оларды үйге шақырып, қонақ қылды. Келесі күні дайындалып, солармен бірге жолға шықты. Иоппедегі бауырластарының біразы
24Бір күннен кейін олар Кесарияға жетті. Корнел барлық туған-туысқандары мен жақын достарын үйіне шақырып, бұларды күтіп отыр екен.
25Петір үйге кіргенде, Корнел оның алдынан шығып құрметтеп, аяғына жығылды.
26Петір: «Түрегеліңіз, мен де сіз сияқты пендемін», — деп, оны тұрғызып алды.
27Корнелмен сөйлескен бойы үйге кірді. Үй толы кісі екенін көріп,
28Петір оларға былай деп тіл қатты:
29Сондықтан мен шақыруларыңыздан бас тартпай, осы жерге келіп тұрмын. Ал енді мені не себептен шақырғандарыңызды білгім келеді.
30Сонда Корнел былай деді:
31«Корнел, сенің мінажатың Құдайдың құлағына жетіп, жарлыларға көрсеткен қайырымдылығыңды Ол мейірлене ескереді.
32Біреулерді Иоппеге жіберіп, Шимон Петірді шақырт. Ол тері илеуші Шимонның теңіз жағасындағы үйінде тұрып жатыр», — деді.
33Содан мен сізге дереу кісі жібердім, келгеніңіз өте жақсы болды. Қазір бәріміз осы жерде Құдай алдында отырып, Иеміздің сізге айтуға тапсырған барлық сөздерін тыңдағымыз келеді.
34Сонда Петір былай деп сөзін бастады:
35Ол әр ұлттың Өзін қастерлеп, әділдікке сай әрекет ететіндерін қабылдайды.
36Құдай Исраил халқына Өзінің Иса Мәсіх арқылы адамзатпен татуласуы жайлы Ізгі хабарды жіберді: Мәсіх — бәрінің де Иесі!
37Жақия адамдардың шомылдыру рәсімінен өтуі туралы уағыз айтқан еді; содан кейін Ғалилеядан бастап барлық яһуди елінде болған оқиғаларды да білесіздер:
38Құдай Өзінің Киелі Рухы мен құдіретін назареттік Исаға дарытты.
39Біз Исаның яһуди елінде және Иерусалимде істеген істерінің бәріне куәміз. Ал соңында дұшпандары Оны ағашқа шегелеп іліп өлтірді.
40
42Ол бізге халыққа: «Құдайдың тірілер мен өлілерді соттауға тағайындаған Кісісі — Сол!» — деп жариялап, куәлік келтіруге әмір етті.
43Барлық пайғамбарлар Иса туралы: «Оған сенген әркімнің күнәлары Оның арқасында
44Петір осы сөздерді әлі айтып тұрған кезде, Ізгі хабарды тыңдап тұрғандардың бәріне Киелі Рух қонды.
45Петірмен бірге келген сенуші яһудилер
46Себебі олар солардың түрлі тілдерде
47— Мыналардың суға шомылдыру рәсімінен өтулеріне тыйым салуға бола ма? Олар да Киелі Рухты біз сияқты қабылдады ғой! — деп жауап беріп,
48оларды Исаның атынан