1Яһудея аймағындағы елшілер мен бауырластар Құдайдың Ізгі хабарын басқа ұлттың адамдары да қабылдағанын естіп білді.
2Петір Иерусалимге қайтып келгенде, Мәсіхке сенуші яһудилер
3— Сіз сүндеттелмеген адамдарға барып, солармен бірге тамақ ішіпсіз, — деп жазғырды.
4Сонда Петір оларға оқиғаның қалай болғанын рет-ретімен баяндап беріп былай деді:
5— Мен Иоппе қаласында мінажат етіп отырғанда, ерекше күйге еніп аян көрдім: үлкен дастарқанға ұқсас бір нәрсе төрт бұрышынан ұсталған күйі көктен түсіріліп, қасыма төмендеп келе жатты.
6Анықтап қарағанымда одан төрт аяқты жануарларды, жабайы аңдарды, бауырымен жорғалаушылар мен жабайы құстарды көрдім.
7
8Ал мен: «Жоқ, Ием! Мен ешқашан да арам тамақ жеген емеспін», — деп жауап қаттым.
9Ал көктен естілген жаңағы дауыс тағы да:
10Осы үш рет қайталанып, бәрі қайтадан көкке тартылып кетті.
11Дәл сол кезде мен тұрған үйдің алдына Кесариядан маған жіберілген үш кісі келді.
12Киелі Рух маған ойланбастан солармен бірге кетуім керек екенін айтып бұйырды. Мына алты бауырласымыз да ілесіп барып, осылай сол адамның үйіне кірдік.
13Ол бізге өзінің үйінде отырғанда періштенің аян беріп: «Біреулерді Иоппеге жіберіп, Шимон Петір дегенді шақырт!
14Ол саған Ізгі хабар айтады, сол арқылы өзің де, бүкіл үй ішің де құтқарыласыңдар» дегенін әңгімелеп берді.
15Мен оларға сөйлей бастағанда, тура о баста бізге қонғандай, олардың үстіне де Киелі Рух қонды.
16Сонда Иеміздің мына сөзі есіме түсті:
17Сондықтан, егер Құдай бізге берген сыйын
18Яһуди сенушілері осыны естігенде тынышталып:
19Степан өлгеннен кейін қуғынға ұшырап, бытырап кеткен сенушілер сол екі арада Финикия өлкесіне, Кипр
20Бірақ кейбір кипрлік және күренелік сенушілер Антақияға
21Иеміз құдіретті қолын созып мейірімді шапағатымен жарылқағандықтан,
22Бұл жайында Иерусалимдегі сенушілер қауымы да құлақтанып, Антақияға Барнабаны
23Ол келіп, сол кісілерге деген Құдайдың рақымын көрген соң қатты қуанып, бәріне: «Иемізге шын жүректен адал болыңдар!» — деп жігер берді.
24Өйткені Барнаба Киелі Рух пен сенімге молынан кенелген жақсы кісі еді. Осылай Иеміздің қауымына көптеген адамдар қосылды.
25Содан кейін Барнаба Саулды іздеу үшін Тарсқа барып,
26оны тауып, Антақияға алып келді. Сол жердегі қауымда екеуі бір жылдай болып, көп кісілерге тәлім берді. Антақияда Исаның жолын қуушы шәкірттері алғаш рет «мәсіхшілер» деп аталды.
27Осы кезде Иерусалимнен Антақияға бірнеше пайғамбар
28Солардың ішінен Агаб деген біреуі орнынан тұрып, Киелі Рухтың бүкіл жерді аштық жайлайды деген хабарын жеткізді. Осы аштық Клаудидің патшалық құрған кезінде
29Сондықтан Иеміздің жолын қуушылар әрқайсысы өзінің шамасы келгенше Яһудея аймағындағы бауырластарына жәрдем жіберуге шешім қабылдады.
30Олар осылай істеп, жинағандарын Иерусалим қауымының жетекшілеріне Барнаба мен Саул арқылы жөнелтті.