1Антақиядағы сенушілер қауымында бірнеше пайғамбарлар мен тәлім берушілер
2Олар Иемізге ғибадат етіп, ораза тұтып отырғанда Киелі Рух: «Мен арнайы шақырған іске Барнаба мен Саулды Өзіме бағыштап шығарып беріңдер!»
3Сонда олар ораза тұтып мінажат етіп, екеуінің үстеріне қолдарын қойып баталарын берді де, жолға шығарып салды.
4Осылайша Киелі Рух жіберген екі елші Селеукия
5Сондағы Салами қаласына жеткен соң, олар яһуди мәжілісханаларына барып, Құдайдың сөзін уағыздады. Жохан (Марқа)
6Бүкіл аралды аралай отырып, Паф қаласына келген олар Бар-Ешуа есімді яһудиге кездесті. Сол адам сиқыршы әрі жалған пайғамбар
7әрі Серги Пауыл есімді арал әміршісімен дос болып жүрді. Әмірші ақылды кісі екен, ол Құдайдың сөзін естігісі келіп, Барнаба мен Саулды өзіне шақырды.
8Бірақ әлгі сиқыршы Елүма — грек тілінде оның аты солай — оларға қарсы шығып, әміршінің Құдайдың сөзіне сенуін теріске шығаруға тырысты.
9Сонда Пауыл деп те аталатын Саул
10«Ей, әзәзіл шайтанның баласы, барлық әділдіктің жауы! Сенің ішің әр түрлі өтірік пен зұлымдыққа толы. Жаратқан Иенің тура жолын теріске шығаруды қоясың ба, жоқ па?
11Енді, міне, Иеміз саған құдіретті қолын созып,
12Мұны көрген әмірші Иеміз туралы ілімге
13Пауыл мен оның сапарластары Пафта кемеге мініп, Памфүлия аймағындағы Перге қаласына барды. Жохан (Марқа) олардан сол жерде айырылысып, Иерусалимге қайтып кетті.
14Ал екі елші Пергеден әрі кетіп, Пісидия аймағындағы Антақияға жетті. Демалыс күні
15Таураттан және Пайғамбарлар жазбаларынан үзінділер оқылған соң, мәжілісхана басшылары оларға:
16Сонда Пауыл орнынан тұрды да, қолымен тыныштыққа шақырып, сөйлеп кетті:
17Біздің Исраил халқымыз сиынатын Құдай ежелде ата-бабаларымызды таңдап алған. Халқымыздың Мысырда жат жерлік болған кезінде Ол оның күші мен санын көбейтті, соңында Өзінің керемет құдіретімен оларды сол елден алып шықты.
18Қырық жылдай уақыт бойы Құдай айдалада көшіп-қонып жүрген оларға шыдамдылық көрсетіп, қамқорлық жасаумен болды.
19Содан соң Ол Қанахан елінде жеті ұлтты жоқ қылып, Өзінің таңдап алған халқына солардың жерін меншікке үлестіріп берді.
20Мұнан кейін, Самуил пайғамбар келгенше, Құдай оларға төрт жүз елу жыл бойы билерді
21Халық өздерінде патша болуын сұрағанда, Құдай оларға қырық жылға Бунямин руынан шыққан Қиш ұлы Саул деген жігітті берді.
22Кейін оны тақтан түсіріп, халыққа Дәуіт пайғамбарды патшалыққа тағайындады. Құдай ол туралы мына тәрізді сөздер айтты: Мен көңілімнен шыққан адамды тауып алдым, ол — Есей ұлы Дәуіт. Сол Менің қалағанымның бәрін орындайтын болады.
23Құдай Дәуітке уәде еткендей, оның әулетінен Исраил халқы үшін Құтқарушы
24Иса келместен бұрын, Жақия пайғамбар Исраил халқына: «Теріс жолдан қайтып, шомылдыру рәсімінен өтіңдер!» — деп уағыз айтып жүрген еді.
25Өз қызметінің соңғы кезінде Жақия пайғамбар: «Сендер мені кім деп ойлайсыңдар? Мен Ол емеспін! Қараңдар, Ол менен кейін келе жатыр. Бірақ мен Оның құлы болып кебісін әперуге де тұрмаймын»,
26Уа, бауырластар, Ыбырайым атаның әулетінен тарағандар және Құдайды қастерлеуші басқа ұлттықтар, Құтқарылу туралы хабар бізге жіберілді!
27Иерусалимнің тұрғындары және олардың басшылары Исаны танымай, соттады. Сол ісі арқылы олар пайғамбарлардың алдын ала айтып кеткен әрі біз әр демалыс сайын оқып жүрген сөздерін жүзеге асырды.
28Иерусалимнің халқы мен басшылары Исадан өлім жазасын тартқызатындай кінә таба алмағанмен, Пилаттан Оны өлтіруді талап етіп, дегендерін орындатты.
29Иса туралы Киелі жазбаларда айтылғанның бәрі жүзеге асқаннан кейін, Оның мәйіті айқыштан түсіріліп, қабірге қойылды.
30Алайда Құдай Оны өлімнен қайта тірілтіп алды!
31Бұдан кейін Иса Өзіне Ғалилеядан Иерусалимге еріп келген кісілерге көп күн бойы көрініп жүрді. Қазір олар халық алдында Оның куәлары болып жүр.
32Біз екеуіміз сендерге осы Ізгі хабарды уағыздаймыз: Құдай ата-бабаларымызға берген уәдесін
33солардың ұрпақтары — біз үшін Исаны өлімнен қайта тірілту арқылы орындады. Забурдың екінші жырында былай деп жазылған: «Рухани Ұлымсың, Мен бүгінгі күні Әке болдым Саған».
34Құдай Исаны өлімнен тірілтіп, Оның денесін еш уақытта шірітпейтін болады. Бұны Оған мына тәрізді сөздермен алдын ала білдірген болатын: «Мен кезінде Дәуітке уәде еткен қасиетті де берік рақымымды өздеріңе көрсетпекпін»
35Өйткені Дәуіт Забурдың басқа жырында Құдайға арнап былай деп жазған: «Қасиетті
36(Ал Дәуіттің осы сөздері өзі туралы емес еді.) Себебі Дәуіт кезінде Құдайдың еркі бойынша халқына қызмет еткен соң дүниеден өтіп, ата-бабаларының қасына қойылып, денесі шіріп кетті.
37Алайда Дәуіт айтып тұрған «Қасиетті Адамды» Құдай өлімнен қайта тірілтіп алғандықтан, Оның денесі шіріген емес.
38Сондықтан, бауырластар, мынаны біліп алыңдар: біз сендерге Құдай күнәларыңды осы Адамның құрбандығы арқылы кешіретінін
39Мұса қалдырған Таурат заңын орындасаңдар да, күнәларыңнан шынайы ақтала алмадыңдар.
40Сонымен байқаңдар, Пайғамбарлар жазбаларындағы мына тәрізді сөздер бастарыңа келмесін:
41Назар аударыңдар, Құдайдың айтқанын менсінбейтіндер, таңғалыңдар да ғайып болыңдар! Себебі көздерің тірі тұрғанда Мен бір істі жүзеге асырмақпын. Оны біреу алдын ала айтып берсе де, сендер сенбес едіңдер.
42Пауыл мен Барнаба мәжілісханадан шығарда, жамағат олардан келесі демалыс күні осы тақырып туралы тағы да айтып берулерін өтінді.
43Жиналыс тарап кеткен соң, көптеген яһудилер және Құдайды қастерлеуші басқа ұлттықтар Пауыл мен Барнабаға еріп жүрді. Бұл екеуі олармен сөйлесіп, Құдайдың рақымына сүйене берулерін мықтап ескертті.
44Келесі демалыс күні Иеміз туралы Ізгі хабарды тыңдау үшін қала халқының бәрі дерлік жиналды.
45Яһудилер осынша көп адамдарды көргенде, қызғанып кетіп, Пауылдың айтқандарына қарсы сөйлеп, оған тіл тигізді.
46Сонда Пауыл мен Барнаба оларға батыл сөйлеп былай деді:
47Себебі Жаратқан Ие бізге мынадай әмір берді: Сені басқа ұлттар үшін де жарық нұр болуға белгіледім. Сонда жердің түкпір-түкпіріндегі адамдарға Мен дайындаған құтқарылу жолын жария етесің!
48Басқа ұлттардың адамдары мұны естігенде қуанып, Иеміз туралы Ізгі хабарды мадақтай бастады. Мәңгілік өмірге ие болады деп Құдай белгілеп қойғандар Мәсіхке сеніп, Оның жолына түсті.
49Осылай Иеміздің Ізгі хабары сол аймаққа
50Бірақ яһудилер басқа ұлттардың Құдайды қастерлейтін беделді әйелдері мен қала басшыларын Пауыл мен Барнабаға қарсы арандатып қойды. Олар екі елшіні қудалап, сол өңірден қуды.
51Содан елшілер оларға қарсы куәлік ретінде аяқтарының шаң-тозаңын қағып тастап,
52Ал Антақияда Мәсіхтің жолына түсіп, Оның шәкірттері болғандар қуанышқа және Киелі Рухқа кенелді.