1Бұдан кейін Пауыл Афиныдан шығып, Қорынт
2Сол жерде ол Ақила есімді понттық
3Олар әріптес болғандықтан, бірге тұрып, бірге жұмыс істеді. Ортақ кәсіптері шатыр жасау еді.
4Әр сенбі сайын Пауыл мәжілісханадағы жамағатпен сөйлесіп, яһудилер мен гректерді Ізгі хабарға сендіруге ұмтылды.
5Македониядан Сыйлас пен Тімоте келген соң,
6Ал яһудилер оған қарсы шығып, тіл тигізгеннен кейін, Пауыл үстіндегі киімдерінің шаң-тозаңын қағып тастап,
7Пауыл осыны айтты да, мәжілісханадан шығып, соған көршілес тұрған Тит Иусттың үйіне барды. Тит Иуст Құдайды қастерлейтін басқа ұлттық адам еді.
8Мәжілісхана басшысы Крисіп
9Бір түні Иеміз Пауылға аян беріп:
10
11Сондықтан Пауыл бір жарым жыл сол жерде қалып, Құдайдың Ізгі хабарын уағыздап жүрді.
12Ал Галлио Ахая өлкесінің
13— Мына кісі адамдарды заңға қайшы жолмен Құдайға құлшылық етуге үгіттеп жүр, — деп айыптады.
14Пауыл енді сөйлейін дегенде, Галлио яһудилерге қарап былай деді:
15Ал бұл жерде бір ілім, атақтар және өз заңдарың туралы айтыс болып жатқандықтан, оны өздерің қараңдар! Мұндай мәселеге мен төрелік еткім келмейді.
16Осымен Галлио оларды соттан қуып жіберді.
17Сонда (гректердің) бәрі мәжілісхана басшысы Состенді ұстап алып, сот алдында сабап тастады. Ал Галлио бұған көңіл де бөлген жоқ.
18Пауыл тағы едәуір күн Қорынтта аялдағаннан кейін бауырластарымен қоштасып, (жақын маңдағы) Кеніхрея қаласына
19Олар Ефеске жеткенде, Пауыл Прискила мен Ақиланы сол қалаға қалдырып кетті. Өзі мәжілісханаға барып, яһудилермен сөйлесті.
20Олар Пауылдың осында ұзағырақ болуын өтінді, бірақ ол бұған келіспей:
21«(Алдағы мейрамды қалайда Иерусалимде өткізуім керек. Ал) Құдай қаласа, сендерге кейінірек қайтып келемін», — деді. Осылай Пауыл олармен қоштасып, кемемен Ефестен жүріп кетті.
22Кесарияға
23Бұл қалада біраз болып, тағы да жолға шықты; Ғалатия мен Фрүгия аймақтарын аралап, Иеміздің жолын қуушы шәкірттерінің бәрін жігерлендіріп, сенімдерін нығайтты.
24Сол екі арада Ефеске Аполлос есімді ескендіриялық
25Иеміздің жолы туралы негізгі тәлім алған Аполлос Жақияның шомылдыру рәсімін
26Аполлос мәжілісханада батыл сөйлей бастады. Оны тыңдаған Прискила мен Ақила үйіне шақырып, оған Құдайдың ізгі жолын толығырақ түсіндіріп берді.
27Аполлос Ахаяға бармақшы болғанда, бауырластарымыз оны қолдап жігерлендірді. Олар сол аймақтағы Мәсіхтің шәкірттеріне арнап сәлемхат жазып, оны жылы қабылдауларын өтінді. Аполлос Ахаяға жеткен соң Тәңір Иенің рақымымен Ізгі хабарға сенгендерге зор көмек көрсетті.
28Себебі ол ашық айтыстарда Исаның Құтқарушы Мәсіх екенін Киелі жазбаларға сүйене отыра дәлелдеп, сенбейтін яһудилердің ой-пікірлерінің дұрыс еместігін әшкереледі.