1Пауыл Жоғарғы кеңеске тіке қарап:
2Ал бас діни қызметкер Анани Пауылдың қасында тұрғандарға оны аузынан ұруға бұйырды.
3Сонда Пауыл оған:
4Қасында тұрғандар:
5Пауыл былай деп жауап берді:
6Жоғарғы кеңестің бір бөлігінің саддукейлер, ал қалғандарының парызшылдар
7Осы сөзден кейін парызшылдар мен саддукейлер айтысып қалды да, жиналғандар екіге бөлініп кетті.
8Себебі саддукейлер ешқандай қайта тірілу де, періштелер де, рухтар да жоқ десе,
9Жиналыс айқай-шуға ұласты. Парызшылдардың кейбір дін мұғалімдері орындарынан тұрып:
10Айтыс үлкен жанжалға айналып, мыңбасы олар Пауылды паршалап тастар деп қауіптенді. Содан ол жасақшыларға төмен түсіп, оны әлгілердің араларынан күшпен алып шығып, қамалға апаруға бұйырды.
11Сол түні Иеміз Пауылдың жанында пайда болып:
12Келесі күні таңертең бірсыпыра яһудилер жасырын жиналып, Пауылды өлтірмейінше ешқандай нәр татпаймыз деп қарғанып ант берісті.
13Бұл ант байланысқан топта қырықтан аса адам бар еді.
14Олар басты діни қызметкерлер мен рубасыларына барып:
15Сонымен Жоғарғы кеңес ретінде мыңбасына хабарлап: «Пауылдың ісімен жақынырақ танысқымыз келеді» деген сылтаумен оны өздеріңізге әкелдіріңіздер. Ал біз оны осында жеткізбей жолшыбай өлтіруге дайын тұрамыз», — деді.
16Бұл қаскүнемдік туралы Пауылдың жиен інісі
17Пауыл бір жүзбасын шақырып алып, оған: «Мына жас жігітті мыңбасына апарыңызшы, оған айтатын хабары бар», — деді.
18Жүзбасы бозбаланы ертіп мыңбасына кіріп:
19Мыңбасы жігіттің қолынан ұстап, оңашаға шығарып:
20Ол:
21Ал сіз бұған келіспесеңіз игі болар еді. Өйткені олардың қырықтан аса адамы оны жол бойы торуылдап аңдып отырады. Бұлар Пауылды өлтірмейінше ешқандай нәр татпаймыз деп анттасты; енді келісіміңізді күтіп, дайын отыр, — деді.
22Мыңбасы жас жігітке ескертіп:
23Содан ол жүзбасылардың екеуін шақырып алып: «Кешкі сағат тоғызға екі жүз жауынгер, жетпіс атты әскер және екі жүз мергенді Кесарияға
24Пауылға мінуге көлік дайындап, әмірші Феликске аман-есен апару жағын қадағалаңдар!» — деп бұйырды.
25Содан соң төмендегідей хат жазды:
26«Жоғары мәртебелі әмірші Феликске Клауди Лүсиден сәлем!
27Мына кісіні яһудилер ұстап алып, өлтірейін деп жатқан сәтте мен оның Рим азаматы екенін біліп, жасақшылармен үстінен түсіп, құтқарып алдым.
28Не үшін айыптайтындарын білмек болып, оны солардың Жоғарғы кеңесіне алып бардым.
29Сонда аңғарғаным, олар мұны өз заңдары туралы даулы мәселелерге бола айыптайды екен. Бірақ оған өлім жазасына кесетіндей немесе түрмеге жабатындай ешбір кінә таққан жоқ.
30Мен оған қарсы астыртын әрекет ұйымдастырылғанын біліп қалып, оны дереу сізге жіберіп отырмын. Айыптаушыларға тағатын кінәларын өзіңізге апаруға бұйырдым. Қош-сау болыңыз!»
31Жасақшылар бұйрықты орындап, Пауылды сол түні Антипатрис
32Келесі күні тұтқынды атты жасақпен әрі қарай жөнелтіп, өздері қамалға қайтып кетті.
33Кесария қаласына келісімен атты жасақ хатты тапсырып, Пауылды әміршіге табыс етті.
34Әмірші хатты оқып, Пауылдан қай аймақтан екенін сұрап, Кіликиядан екенін біліп алды:
35«Сені айыптаушыларың келгенде тергеймін», — деп шешіп, оны Ирод атындағы сарайда ұстауға бұйырды.