1Жаратқан Иенің өздеріңе айтып отырған сөзін тыңдаңдар, уа, Исраилдің үрім-бұтағы!
2Себебі Жаратқан Ие мынаны айтады: Басқа ұлттарға еліктеуші болмаңдар! Олар сияқты аспан құбылыстарына қарап, қорқып үрейленбеңдер!
3Себебі басқа ұлттардың әдет-ғұрыптары құр бекершілік. Олар орманнан ағаш шауып әкеледі, қолөнерші оны қашауымен өңдейді.
4Содан кейін ағашты алтын-күміспен қаптайды, шайқалып құламасын деп тұғырына шегелеп бекітіп қояды.
5Олардың тәңірсымақтары қауын бақшасындағы қарақшы сияқты сөйлей алмайды, жүре де алмайды, сондықтан көтеріп алып жүру керек. Олардан қорықпаңдар, себебі еш зиян келтіре алмайды, жақсылық та жасай алмайды.
6Уа, Жаратқан Ие, Саған тең келер ешкім жоқ! Сен ұлысың! Зор құдіретіңе бола Сенің есімің де ұлы!
7Кім Сені терең қастерлемесін, уа, халықтардың Патшасы? Бұл жалғыз Саған ғана тиісті. Барлық халықтардың данышпандарының арасында, олардың бүкіл патшалықтарында Саған тең келер ешкім жоқ!
8Жалған тәңірлерге құлшылық ететін сол «данышпандар» ақылсыз да түйсіксіз. Олардың табынатындары ағаштан жасалған ғой.
9Тарсистан
10Бірақ Жаратқан Ие — шынайы Құдай! Ол — тірі Құдай әрі мәңгілік Патша! Ол қаһарланғанда жер сілкініп, ұлттар Оның қаһарына төтеп бере алмайды.
11Сол ұлттарға мынаны айтыңдар: Аспан мен жерді жаратпаған тәңірсымақтарың жер бетінен де, аспан астынан да құрып кететін болады.
12Ал Жасаған Ие жерді өз құдіретімен жаратып, дүниені даналығымен орнатып, аспан кеңістігін ақыл-парасатымен жайып жіберді.
13Ол дауыс көтергенде аспандағы бұлттар күркірейді. Иеміз көкжиектен бұлттарды көтеріп, нөсер мен найзағайды жібереді, сақтап қойған орнынан желді айдап әкеледі.
14Адам атаулы ақылсыз болып, шынайы білімнен жұрдай қалды. Тәңірсымақтың мүсінін құйып жасаған әр зергер сол ісімен өзін масқаралайды. Өйткені қоладан құйылған бейнелер алдамшы, оларда тіршілік лебі мүлдем жоқ.
15Сол тәңірсымақтар түкке тұрғысыз, әжуаға қалатын нәрселер. Сотталу уақыты келгенде олардың барлығы құрып кетеді.
16Ал Жақыптың үрім-бұтағына жар болушы Құдай
17Ей, қоршауда жатқандар, елден кету үшін заттарыңды жинап алыңдар!
18Өйткені Жаратқан Ие мынаны айтады:
19— Сорлы басым, күйредім-ау! Жарақатым жазылар емес. Мен: «Бұл тек ауру ғана, төзуім керек» деген едім.
20Бірақ шатырым қирады, арқандарының бәрі үзілді. Балаларым
21— Халқымды жетелейтін бағушылар да ақылдарынан айырылып, Жаратқан Иеге бет бұрып сиынбайды. Сондықтан да олар ешқандай табысқа жетпей, қарауларындағы бүкіл халық шашырап қаңғып кеткен.
22Құлақ түріңдер! Бір хабар жетті: ол — солтүстік жақтан келе жатқан әскердің гүрілдеген зор үні! Жау Яһуданың қалаларын елсіз қылып, шибөрілердің мекеніне айналдырады! (— деп ескертеді пайғамбар.)
23«Уа, Жаратқан Ие, адамның өмір жолы өз еркінде еместігін білемін. Адамның өз жүретін жолын өздігінен бағыттауына болмайды.
24Түзете гөр мені, уа, Жаратқан Ие, бірақ қаһарланбай әрі әділдікті қолданып түзете гөр, әйтпесе мен мүлдем құрып кетермін!
25Қаһарыңды Өзіңді танып мойындамайтын ұлттарға, есіміңді атап сиынбайтын тайпаларға төкші! Өйткені олар Жақыптың елін жалмап жеп қойды. Олар оны біржола құртып, жайлы мекенін қиратып, бос қалдырды».