1Жаратқан Ие мынаны уәде етеді: «Сол кезде Мен Исраилдің барлық әулеттерінің Құдайы, ал олар Менің халқым болады. —
2Жаратқан Ие тағы мынаны да айтады: — Семсердің жүзінен аман қалған халық иен далада рақымға ие болады. Мен қайтадан келіп, Исраилге тыныштық сыйлаймын».
3Ежелде
4Мен сені қайтадан қалпыңа келтіремін, уа, бойжеткен іспетті Исраил халқы! Сендер бұрынғыдай даңғыраларыңды қолдарыңа алып, шаттана қуанып би билейтін боласыңдар,
5әрі Самарияның қыраттарында қайтадан жүзімдіктер отырғызасыңдар. Соларды отырғызғандар жемісінің қызығын көретін болады.
6Сонда күзетшілер Ефремнің таулы жерінде: «Жүріңдер, Сионға шығайық, Құдайымыз Жаратқан Иенің алдына барайық!»
7Жаратқан Ие мынаны да айтады: «Жақыптың халқы үшін қуана ән салыңдар, оның басқа халықтардан озат болғанына шаттанып, айқайлай ұрандаңдар! Жасаған Иеге мақтау айтып былай деп өтініңдер: «Уа, Жаратқан Ие, өз халқың Исраилдің тірі қалғандарын құтқара гөр!»
8Біліп қойыңдар, Мен оларды солтүстік елінен және жердің ең шалғай түкпірлерінен жинап алып келемін. Олардың арасында соқырлар мен ақсақтар, аяғы ауыр және жаңадан босанған әйелдер де болады. Сонда Исраилдің тірі қалғандары өте үлкен жамағат болып осында қайтады.
9Олар қуаныштан жылап, Маған мінажат етеді; Өзім оларды өзен бойымен бастап, тегіс жолдармен сүріндірмей алып жүремін. Өйткені Мен Исраилдің рухани Әкесімін, әрі Ефрем — Менің тұңғышым іспетті».
10Жаратқан Иенің мына сөзін тыңдаңдар, ей, халықтар! Теңіз жағалауларына да оны жариялаңдар: Исраилді шашыратқан Құдайы оны қайтадан жинап алады! Малшының отарын баққанындай, Ол да халқын солай бағып қорғайтын болады.
11Өйткені Жаратқан Ие Жақыптың үрім-бұтағын құлдықтан азат етеді, Ол Исраил халқына қамқорлық жасап, оларды қуатты жауларынан құтқарып алады.
12Сонда Исраил келіп, Сион тауында қуаныштан айқай салады. Олар Жаратқан Иенің берген игіліктеріне: астық, жүзім шырыны және зәйтүн майына, ірілі-ұсақты малдарының төлдеріне мәз-мейрам болады. Халқым мол суғарылатын бақ сияқты гүлденіп, енді қайтып қасіреттен түңілмейді.
13Сонда бойжеткендер көңілденіп жас-кәрілермен бірге би билейді. Мен қайғыларын шаттыққа айналдырып, қасірет орнына жұбаныш пен қуаныш сыйлаймын.
14Діни қызметкерлерді дәмді тамақпен молынан қамтамасыз етемін, халқым да игіліктеріме кенеледі, — деп уәде етеді Жаратқан Ие.
15Жаратқан Ие тағы мынаны айтады:
16Алайда Жаратқан Ие өз халқына мынаны айтады:
17Сенің болашақтан үмітің бар, перзенттерің өз елдеріне қайтатын болады! — деп уәде береді Жаратқан Иенің Өзі.
18Мен Ефремнің қайғырып былай дегенін естідім:
19Адасқаннан кейін мен өкініп Саған бет бұрдым. Түсінгеннен кейін санымды соқтым. Жас шағымдағы істеген істеріме ұялып жайсыздандым.
20«Ефрем Менің қымбатты ұлым, сүйікті балам іспетті емес пе?
21«Жол бойына белгілер қойып, жол көрсететін бағаналар орнат! Елге қайтаратын даңғылға назар аудар! Кеткен жолыңмен өз қалаларыңа қайтып кел, уа, бойжеткен іспетті Исраил халқы!
22Қашанға дейін қаңғып жүре бересің, опасыз қыз? Енді Мен, Жаратқан Ие, жерде бір жаңалық жасаймын: әйелдің күйеуінің айналасынан шықпайтыны (іспетті, Исраил де Құдайының айналасынан шықпайтын болады). —
23Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны да айтады: — Мен халықты жер аударылып кеткен жағынан қайтарып алып келгенде, Яһуда елі мен оның қалаларында: «Жаратқан Ие сені жарылқасын, уа, әділдіктің мекені, киелі тау!» деген баталы сөз айтылатын болады.
24Яһуда елі мен оның барлық қалаларында диқандар мен малшылар бейбіт бірге тұратын болады.
25Мен шаршаған жанды сергітемін, қайғырып түңілгенді рухани нәрге кенелтемін».
26Осы кезде мен ұйқымнан оянып кетіп, жан-жағыма қарадым. Ұйқым өте тәтті болған еді.
27Жаратқан Ие былай деп уәде береді: «Болашақ күндерде Мен Солтүстік Исраил мен Яһуданың үрім-бұтағын (өз жеріне қайтадан) егіп отырғызамын, сонда адамдары мен малдары өсіп-өніп көбейетін болады.
28Мен оларды түп-тамырымен жұлып ойсыратып, құлатып жоюды қырағы қадағалағаным сияқты, енді оларды солай егіп отырғызып, өркендетуді
29Сол заманда «Қышқыл жүзімді көп жеген — аталары, ал тістері қамалған — балалары»
30Қайта, әр қылмыскер өзі жасаған зұлымдығы үшін өлім құшпақ. Бұл: «Қышқыл жүзім көп жегеннің өз тістері қамалар»
31Жаратқан Ие мынаны айтады: «Біліп алыңдар, Мен Солтүстік Исраилдің және Яһуданың үрім-бұтақтарымен Жаңа Келісім жасайтын уақыт келді.
32Бұл Келісім Менің олардың ата-бабаларын қолдарынан жетелеп Мысырдан алып шыққанда солармен жасаған Келісіміммен бірдей болмайды. Өйткені Мен оларды әйелін қатты сүйген күйеуі іспетті жақсы көрсем де, олар сол Келісіміме адал болмады, — дейді Жаратқан Ие. —
33Қайта, Менің кейінгі заманда Исраил халқымен жасайтын Келісімім мынадай болады: Мен өз тәлімімді
34Сонда ешкімге замандасы мен ағайынына: «Жаратқан Иені жақыннан танып біл!» деп үйретудің қажеті болмайды. Өйткені үлкенді-кішілі барлығы да Мені жақыннан танып білетін болады. Себебі Мен олардың әділетсіз істерін рақымшылықпен кешіріп, жасаған күнәларын бұдан былай есіме алмаймын.
35Күндіз жарық беретін күнді, түнде жарық беретін ай мен жұлдыздарды белгілі тәртіппен орнатқан, теңізді сапырып, толқындарын буырқандыратын Жаратқан Иенің есімі — «Әлемнің Иесі».
36Табиғаттың осы тәртібі бұзылса ғана, Исраилдің үрім-бұтағы Менің көз алдымнан құрып, халық болудан қалады.
37Жоғарыдағы аспанды өлшеу мен төмендегі жердің түп негіздерін табудың мүмкін еместігі сияқты, Менің Исраилді барлық істегендері үшін Өзімнен біржола аластатуым да мүмкін емес!» — деп уәде береді Жаратқан Ие.
38Болашақта осы қала Менің даңқым үшін Хананел мұнарасынан Бұрыш қақпасына дейін қайтадан салынады.
39Құрылысшының өлшеуіш жібі сол жерден Гәреб қыратына дейін тартылып, одан әрі Ғояға қарай бұрылады.
40Бұрын өлгендер қойылатын, күл төгілетін бүкіл аңғар,