1Бірде Маттан ұлы Шафатиях, Пашхур ұлы Ғодалиях, Шелемиях ұлы Ехухал және Малқиях ұлы Пашхур
2«Жаратқан Ие мынаны айтады: Осы қалада қалатын әрбір адам семсер, ашаршылық немесе індеттен құриды. Ал қаладан шығып, халдейлерге берілетін әркім тірі қалып, өз жаны өзіне олжа болады.
3Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: Бұл қала еш шүбәсіз Бабыл патшасының әскерінің қолына тапсырылып, олар оны басып алатын болады!»
4Сол уәзірлер патшаға:
5Седекиях патша оларға:
6Содан олар Еремияны ұстап алып, патшазада Малқияхтың сақшылар ауласында орналасқан құдығына
7Еремияның құдыққа түсірілгенін құштық
8Әбдімәлік сарайдан шығып, патшаның алдына барды да, оған мына өтінішін білдірді:
9— Уа, патша ием, ана кісілердің Еремия пайғамбарды құдыққа тастағандары — нағыз зұлымдық! Сол жерде ол аштан өледі, қалада нан қалған жоқ қой! —
10Патша құштық Әбдімәлікке:
11Әбдімәлік сол адамдарды ертіп алып, сарайдағы қазына қоймасының астындағы бір бөлмеге түсті. Сол жерден біраз ескі шүберек пен көнетоз киімдерді алып, құдықтағы Еремияға арқанмен төмен түсірді.
12Әбдімәлік Еремияға қатты дауыстап: «Мына шүберектер мен киімдерді қолтығыңыздың астына салып алыңыз! Арқан денеңізді қиып кетпесін», — деді. Еремия солай істеді.
13Сонда олар оны арқанмен тартып, құдықтан шығарып алды. Мұнан кейін Еремия сарайдағы сақшылар ауласына
14Бірде Седекиях патша Еремия пайғамбарға тағы да адам жіберді. Сол кісі оны Жаратқан Иенің ғибадатханасының үшінші кіреберісіне алып келді. Патша Еремияға:
15Еремия оған былай деп жауап берді:
16Бірақ Седекиях патша құпия түрде Еремияға уәде беріп:
17Сонда Еремия Седекияхқа былай деді:
18Ал егер Бабыл патшасының әміршілеріне берілмесең, онда халдей жасақшылары мына қаланы бәрібір басып алып, өртеп жібереді. Сонда өз басың да олардың қолынан құтыла алмайсың. —
19Седекиях патша Еремияға:
20Еремия оған былай деп жауап берді:
21Бірақ егер қаладан шығып, берілуден бас тартсаңыз, Жаратқан Ие соның арты мынау болады деп ашық көрсетті:
22Яһуда патшасының сарайында қалып қойған әйелдердің бәрін Бабыл патшасының әміршілерінің алдынан алып шығады. Сол әйелдердің бәрі сізге былай деп шағым айтатын болады:
23Осылай барлық әйелдеріңіз бен балаларыңыз қаладан айдалып, халдейлердің қолына түседі. Өзіңіз де қашып кете алмай, Бабыл патшасының қолына түсесіз. Ол мына қаланы қиратып, өртеп жібереді!
24Бірақ Седекиях Еремияға тек қана былай деді:
25Егер әміршілер екеуіміздің сөйлескеніміз жайлы естіп, саған келіп, «Патша саған не деді, сен патшаға не дедің, соны айтып бер! Әйтпесе көзіңді құртамыз» дейтін болса,
26оларға: «Патшадан мені Жонатанның үйіне қайтара көрмеңіз, әйтпесе өліп қалармын деп өтіндім» деген жауап бер!
27Айтқандай-ақ, әміршілердің бәрі Еремияға келіп, оған болған әңгіме туралы сұрақтар қойды. Пайғамбар оларға тек патшаның айт дегендерін ғана айтып берді. Содан олар тағы еш нәрсе деместен өз жөндеріне кетті. Өйткені ешкім патша екеуінің арасында болған әңгімені естімеген еді.
28Осылай Еремия жаудың Иерусалимді басып алған күніне дейін сақшылар ауласындағы қамауда қала берді.