1Жаратқан Ие аммондықтар туралы мынаны айтады:
2Сондықтан Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: — Біліп алыңдар, Мен болашақта аммондықтардың астанасы Раббаға
3Зар жыла, о, Хешебон
4Өздеріңнің шұрайлы аңғарларыңмен
5«Мен саған жан-жағыңнан қорқыныш туғызамын, — деп ескертеді Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие. — Әрбір тұрғының айдалып кетеді! Сол босқындарыңды ешкім жинап қайтарып әкелмейді».
6«Алайда болашақта Мен Аммонның үрім-бұтағын өз еліне қайтарып, игілікке кенелтемін»! — Жаратқан Ие осы уәдені береді.
7Әлемнің Иесі Едом туралы мынаны айтады: «Теманда даналықтың қалмағаны ма?
8Кері бұрылып, қашыңдар, ей, Деданның
9Жүзім жинаушылар жүзімді жинағанда біразын қалдырып отырады. Түнде ұрылар түссе, олар сондағы дүниені өздеріне керегінше ғана ұрлап әкетеді.
10Бірақ Мен Есаудың елін толығымен жалаңаштаймын. Бас сауғалайтын жерлердің бәрін ашып, сонда оған жасырынатын орын қалмайды. Күллі балалары мен бауырлары, көрші-қолаңдары қырылып, Едом халқы ғайып болады.
11Жетім балаларыңды Маған қалдыр, Мен олардың жанын аман сақтаймын. Жесірлерің де Маған сенім артатын болсын!»
12Жаратқан Ие мынаны айтады: «Тіпті Менің қаһарыма толы тостағаннан дәм татуға бұйырылмаған жазықсыздарға содан дәм татуға тура келсе, сен неліктен қасірет шекпеймін деп ойлайсың? Жоқ, сен де жазасыз қалмай, соның қасіретін шегетін боласың!
13(Едомның астанасы) Босора қирап, елсіз бос қалып, үйіндіге айналады. Ол басқаларға қорқынышты көрініс болып, олардың келекесі мен қарғысына қалады! Оған қарасты елді мекендер де біржола қирайды, — деп өз атыммен ант етемін». — Жаратқан Ие осыны нық айтады.
14Жаратқан Иеден жеткен бір хабарды естідім, халықтардың арасына бір шабарман жіберілді. Ол: «Жиналып, аттаныңдар! Оған қарсы шайқасуға шығыңдар!» деп жариялайды. (Жаратқан Ие Едомға былай деп ескертеді:)
15«Біліп қой, Мен сені ұлттардың арасында шағын әрі жұртқа елеусіз қыламын.
16Басқаларға сес көрсетіп кеуде көтеріп, соған алданып кеттің. Жартастардағы қорғандарда тұрып, биік қыраттарды иемденіп келесің. Алайда тіпті ұяңды бүркіттей қияға салсаң да, бәрібір Мен сені сол жерден де құлатып түсіремін! — деп нық айтады Жаратқан Ие. —
17Осылай Едом елі қорқынышты көрініске айналады. Өткен-кеткен адамдардың бәрі оның қирап жатқанын көргенде аңтарыла жандары түршігіп, ысқырып табалайтын болады.
18Едом елі ежелгі Содом мен Ғомора және оларға көршілес қалалар сияқты құрып, жермен-жексен болады. Онда ешкім қоныстанбайды, адам баласы оны мүлдем мекендемейді». — Жаратқан Ие осыны нық айтады.
19«Мен Иорданның бойындағы ну тоғайлардан шыға келіп, шұрайлы жайылымдағы ұсақ малға бас салатын арыстан сияқты, әп-сәтте Едомды өз жерінен қуып жіберемін. Бұл үшін Мен тағайындайтын таңдаулым кім екен? Менімен теңдес болып, Мені жауапқа тарта алатын ешкім жоқ. Маған қарсы тұра алатын ешбір бақташы
20Сондықтан Мен, Жаратқан Ие, Едомға және ондағы Теман қаласының тұрғындарына қарсы не жоспарлағанымды тыңдаңдар: Едом халқы, тіпті олардың балалары да міндетті түрде басқа жаққа айдалып әкетіледі. Істеген қылықтарының кесірінен олардың мекендері сөзсіз қаңырап бос қалады.
21Олардың құлдырағанынан жер бетіндегі халықтар дірілдейді, қиналған айқайлары тіпті Ақаба шығанағына
22Біліп алыңдар, жау қанатын кең жайып, шарықтап, шүйілген бүркіт секілді Босора қаласына бас салмақ. Сол күні Едомның батырларының жүректері толғатып жатқан әйелдікіндей үрейленетін болады».
23Мына хабар Дамаск туралы берілген: «Хамат пен Арпад қалалары суық хабар естіп, үрейлене түңіліп отыр. Олар қорқып уайымдап, қобалжып жатқан теңіздей маза таппауда.
24Дамаск әлсіреп, халқы кері бұрылып қаша жөнеледі. Ол қорыққаннан дір-дір етіп, толғатып жатқан әйелдей қиналуда.
25Салтанатты, қуанышқа толы қала қалайша елсіз бос қалмақ!
26Оның жас жігіттері қала көшелерінде қаза тауып, жасақшыларының бәрі сол кезде қырылып үнсіз қалады, — деп ескертеді Әлемнің Иесі. —
27Мен Дамаскінің қабырғаларына от қойғызамын, сонда Бен-Хададтың
28Бабыл патшасы Набуходоносор шабуыл жасамақ болған Қидар
29Бабыл жасақшылары бұл тайпалардың шатырлары мен малдарын тартып алып, барлық заттары мен түйелерін де әкетеді. Адамдар: «Айналдыра бәрі де қорқыныш!» деп айқайлайтын болады.
30Тезірек бас сауғалап қашыңдар, ей, Хасордың тұрғындары! Терең үңгірлерге жасырыныңдар! — деп ескертеді Жаратқан Ие. — Өйткені Бабыл патшасы Набуходоносор сендерге қарсы ақылдасып, жоспар құрып жатыр.
31Жиналып, аттаныңдар! Бейқам, еш алаңсыз тұрып жатқан ұлтқа шабуыл жасаңдар! — дейді Жаратқан Ие. — Олар қақпалармен, ысырмалармен бекінген қалаларда емес, ашық далада оңаша тұрады.
32Олардың түйелері олжа болып, отар-табын малдары да жау қолына түседі. Шалғайда тұратын сол халықты Мен желдің барлық бағыттарына шашыратып, оларға жан-жақтарынан пәлелерді қаптатамын! — дейді Жаратқан Ие.
33Хасор қаласы мәңгі қаңырап бос қалып, оны тек шибөрілер ғана мекендемек. Онда ешкім қоныстанбайтын, адам баласы оны мүлдем мекендемейтін болады».
34Яһудаға Седекияхтың патшалық құруының бастапқы кезінде Жаратқан Ие Еремия пайғамбарға Елам елі
35— Әлемнің Иесі мынаны айтады: Біліп қойыңдар, Мен Еламның күш-қуатының негізгі көзі — оның садақшыларын құртамын!
36Мен Еламға желдің барлық бағыттарынан жауларын келтіріп, оның халқын барлық жақтарға шашыратып жіберемін. Сонда Елам халқы қашып бармаған ешбір ел болмайды.
37Мен Елам халқын олардың жандарын алмақ болған жауларының алдында үрейленетін қыламын. Қаһарым оларға лап етіп, бастарына апат жаудырамын, — дейді Жаратқан Ие. — Дұшпандары семсермен арттарынан қуып, оларды құртып болмайынша тынбайды.
38Мен өз тағымды Еламда орнатып, оның патшалары мен әміршілерін жоямын. — Жаратқан Ие осыны нық айтады. —
39Алайда болашақта Мен Елам халқын өз еліне қайтарып, игілікке кенелтемін. — Жаратқан Ие осыны уәде етеді.