1Жер бетіндегі бүкіл адамзат бір тілді, бірдей сөздерді қолданды.
2Адамдар шығыс жақта көшіп қонып жүргенде
3Олар бір-біріне: «Келіңдер, кірпіш құйып, отқа күйдірейік!» — деді. Сонымен олар тас орнына күйген кірпіш, әк орнына қарамай
4«Өзімізге қала және төбесі көкке жететін зәулім мұнара тұрғызып алайық. Осылайша өз атымызды шығарайық, сонда біз жердің түкпір-түкпіріне бытырап кетпейміз», — десті.
5Ал Жаратқан Ие көктен түсіп, адамдар тұрғызып жатқан қала мен мұнараға көз салып,
6былай деді: «Олар біртұтас халық болып, бірдей тілде сөйлеп, мынаны істей бастады. Бұдан былай олар ойындағыларын жүзеге асырмай қоймайтын болады.
7Енді Біз жерге түсіп, бірін-бірі түсінбеулері үшін олардың тілін шатастырып жіберейік».
8Осылайша Жаратқан Ие адамдарды сол жерден бүкіл жер бетіне бытыратып жіберіп, қала құрылысын тоқтатты.
9Сондықтан қалаға Бабыл
10Мынау Шамнан тараған ұрпақтардың шежіресі.
11Сонан соң ол тағы бес жүз жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздары болды.
12Арпақсат отыз беске келгенде одан Шелах туды.
13Шелах туған соң, Арпақсат төрт жүз үш жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды.
14Шелах отызға келгенде одан Ебер дүниеге келді.
15Ебер туғаннан кейін де Шелах тағы төрт жүз үш жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды.
16Ебер отыз төрт жасқа келгенде одан Пелек туды.
17Пелек туғаннан кейін де Ебер төрт жүз отыз жыл өмір сүріп, тағы да ұл-қызды болды.
18Пелек отыз жасқа келгенде одан Рәгу туды.
19Рәгу туған соң, Пелек екі жүз тоғыз жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарды дүниеге келтірді.
20Рәгу отыз екі жасқа келгенде одан Серук туды.
21Серук туған соң, Рәгу екі жүз жеті жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды.
22Серук отыз жасқа толғанда ұлы Нахор туды.
23Нахор туған соң, Серук екі жүз жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздары дүниеге келді.
24Нахор жиырма тоғыз жасқа келгенде одан Тарах туды.
25Тарах туған соң, Нахор жүз он тоғыз жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарды дүниеге келтірді.
26Тарах жетпіс жасқа толғаннан кейін, одан Ыбырам,
27Мынау Тарахтан тараған ұрпақтардың шежіресі: Тарахтан Ыбырам, Нахор, Харан атты ұлдары дүниеге келді. Хараннан Лут туды.
28Бірақ Харан Халдейлер елінде өзі туған Ур қаласында
29Ыбырам мен Нахор да үйленді. Ыбырамның әйелі Сарай, ал Нахордың әйелі Мылқа болды. Мылқа мен Ысқа Харанның қыздары еді.
30Сарай құрсақ көтермегендіктен, Ыбырамның балалары болмады.
31Тарах өз ұлы Ыбырамды, немересі Лутты және келіні Сарайды ертіп алып, бәрі бірігіп халдейлер еліндегі Ур қаласынан жолға шықты. Олар Қанахан жеріне бармақшы еді, алайда Харан
32Тарах екі жүз бес жыл өмір сүріп, Харанда қайтыс болды.