1Осы оқиғалардан кейін Жаратқан Ие Ыбырамға аян беріп:
2Бірақ Ыбырам жауап беріп былай деді:
3Ыбырам тағы: — Сен маған бала сыйламадың, сондықтан мұрагерім үйімдегі бір қызметшім болады, — деп те мұңын шақты.
4Ал Жаратқан Ие оған сөзін арнап:
5Содан оны сыртқа алып шығып: — Аспанға қарап жұлдыздарды санашы! Сен оларды санай алар ма екенсің? Сенің үрім-бұтағың да осындай сансыз көп болады! — деп уәде берді.
6Ыбырам Жаратқан Иеге сенді, сондықтан Жаратқан Ие оны Өзінің алдында ақтады.
7Тәңір Ие Ыбырамға тағы да тіл қатып:
8Ал Ыбырам:
9Сонда Иеміз оған:
10Ыбырам соның барлығын әкеліп, оларды сойып, ортасынан қақ бөліп, бөліктерді бір-біріне қарсы қойды.
11Жыртқыш құстар сойылған малдардың етіне қонды, бірақ Ыбырам оларды қуып жіберді.
12Күн батқанда Ыбырамды керемет ұйқы басты. Сол сәтте ол түсінде қара түнекті көріп, қатты қорқып кетті.
13Ал Жаратқан Ие Ыбырамға тіл қатып:
14Бірақ оларды құл еткен халықты Мен жазалаймын. Бұдан кейін сенің ұрпақтарың сол елден мол дүние-мүлікпен көшіп шығады.
15Ал сен болсаң, жасың ұлғайған шағыңда ақ өліммен
16Сенің үрім-бұтағың осы елге төрт ұрпақтан кейін ғана қайтып келеді. Себебі аморлықтардың күнәлары әлі шегіне жеткен жоқ, — деді.
17Күн батып, қараңғылық орнаған кезде, міне, пештен шыққан іспетті түтін мен лаулап жалындаған от
18Сол кезде Жаратқан Ие Ыбыраммен Келісім жасап:
19Онда кендіктер, кеназдықтар, қадмондықтар,
20хеттіктер, перездіктер, рафалықтар,
21аморлықтар, қанахандықтар, гергестіктер және ебустіктер тұрып жатыр, — деді.