1Ыбырайым жасы ұлғайып, қартайған еді. Жаратқан Ие оны қай жағдайда да жарылқап келді.
2Бірде ол барлық мал-мүлкін басқаратын бас қызметшісін шақырып алып, оған:
3аспан мен жерді жаратқан Құдай Иеміздің алдында ант бер:
4Қайта, менің туған жеріме, туысқандарыма барып, сол жақтан алып келесің, — деп бұйырды.
5Қызметшісі одан:
6Ыбырайым:
7Себебі көктегі Құдай — Жаратқан Ие мені әкемнің үйінен, туған жерімнен алып шығып, «осы елді сенің ұрпақтарыңа беремін»
8Егер қалыңдық саған еріп келгісі келмесе, маған берген антыңнан босайсың. Бірақ қайткен күнде де ұлымды сол жаққа қайтып апарушы болма! — деп мықтап ескертті.
9Қызметші Ыбырайымның жамбасының астына қолын қойып, барлығын ол бұйырғандай етіп орындауға ант берді.
10Қожайынының ірі малдарынан он түйе және әр түрлі бағалы дүниелерді таңдап алып, жолға шықты да, Евфрат пен Тигр өзендерінің арасындағы
11Сонда жеткенде түйелерді қала сыртындағы құдық басына
12Қызметші Құдайға мінажат етіп: «Уа, Жаратқан Ие, қожайыным Ыбырайымның сиынатын Құдайы! Бүгін жолымды оңғарып,
13Міне, мен осы жерде су көзінің қасында тұрмын. Қала тұрғындарының қыздары су алуға келе жатыр.
14Мен араларындағы бір бойжеткенге: құмыраңызды еңкейтсеңіз екен, су ішіп алайын деп айтқанда, ол маған: ішіңіз, мен түйелеріңізді де суарып берейін десе, сонда құлың Ысқаққа Өзің бұйыртқан қалыңдық сол қыз болып шықса екен деп Сенен тілеймін. Қожайыныма жасаған рақымыңды осыдан білетін боламын», — деді.
15Қызметші мінажатын аяқтамай тұрып-ақ, қала жақтан иығында құмырасы бар Рабиғаның келе жатқанын көрді. Ол Мылқаның ұлы Бетуелдің қызы болатын, ал Мылқа Ыбырайымның інісі Нахордың әйелі еді.
16Рабиға өте сұлу, пәк таза бойжеткен қыз екен. Ол су көзіне қарай төмен түсіп, құмырасын суға толтырып алып, жоғары шықты.
17Қызметші жылдам басып қыздың қасына келіп:
18Қыз:
19Ол ішіп болған кезде қыз оған:
20Осыны айтып, бірден құмырадағы суын астауға құйды. Қыз құмырасын суға толтырып алу үшін қайтадан қайнарға қарай жүгіре жөнелді. Осылай ол барлық түйелерді суарып шықты.
21Ал қызметші қызға үн-түнсіз қарап тұрып, Жаратқан Ие сапарымды оңғарды ма, жоқ па деген ойды саралады.
22Қызметші алтын сырға мен екі үлкен алтын білезік
23— Кімнің қызысыз? Бізге түнеп шығуға әкеңіздің үйінен орын табыла ма, соны айтсаңыз екен? — деп қыздан сұрады.
24Ол:
25— Бізде сабан да, жем де жетеді, түнейтін орын да бар, — деп қосты.
26Сонда қызметші Жаратқан Иенің алдында иіліп:
27«Қожайыным Ыбырайым сиынатын Құдай дәріптелсін! Иә, Өзінің мейірімділігімен, адалдығымен қожайынымды жарылқаған Жаратқан Ие мадақталсын! Ол мені тура қожайынымның туысқандарының үйіне бастап алып келді», — деп ғибадат етті.
28Бойжеткен шешесінің үйіне жүгіріп барып, осының бәрін айтып берді.
29
31Оны:
32үйіне алып барды. Лабан түйелердің жүктерін түсіртіп, алдарына сабан мен жем салдырды да, қызметшіге және оған еріп келгендерге аяқтарын жууға су әкелдірді.
33Қонаққа арналып дастарқан жайылып тамақ ұсынылды. Бірақ Ыбырайымның қызметшісі:
34Сонда қонақ былай деп сөйлеп кетті:
35Жаратқан Ие қожайынымды молынан жарылқап, ол дәулетті де абыройлы адамға айналды. Жаратқан Ие оған көп қылып қой-ешкі мен ірі қара малын, алтын-күміс, құл-күңдерді, түйе мен есектерді сыйлаған.
36Қожайынымның әйелі Сара оған қартайған шағында бір ұл сыйлады. Қожайыным өзіндегі бар мал-мүлкін соған атады.
37
39Мен: «Егер қалыңдық маған ергісі келмесе ше?» деп сұрағанда, қожайыным маған былай деп жауап берді:
40«Мен көз алдында өмір сүріп келген Жаратқан Ие жолыңды болдыру үшін саған Өзінің періштесін ертіп жібереді. Осылай сен ұлыма әйелді өз туған-туысқандарымнан, менің әкемнің үйінен алып келе аласың.
41Сен туысқандарыма барып, олар қызын ұзатуға келіспесе, онда берген антыңнан босайсың».
42Содан мен бүгін су көзіне жеткенде былай дедім: «Уа, Жаратқан Ие, қожайыным Ыбырайымның сиынатын Құдайы! Жолымды оңғара гөр.
43Міне, мен осы жерде су көзінің қасында тұрмын. Су алуға бір бойжеткен келгенде, оған: құмыраңыздан кішкене су ішкізсеңіз екен деп айтайын.
44Егер ол маған: ішіңіз, мен түйелеріңізді де суарып берейін десе, сонда қожайынымның ұлына Өзің таңдаған қалыңдық сол қыз болып шықса екен деп Сенен тілеймін».
45Мен осы мінажатымды іштей аяқтамай тұрып-ақ, қала жақтан иығында құмырасы бар Рабиға келді. Ол су көзіне қарай төмен түсіп, су тартып алды. Мен одан: «Маған ішуге су беріңізші», — деп сұрадым.
46Ол тез иығындағы құмырасын түсіріп: «Ішіңіз, мен түйелеріңізді де суарып берейін» деді. Осылай су ішіп алдым, ол түйелерімді де суарып берді.
47«Кімнің қызысыз?» деп сұрағанымда: «Мен Нахордың Мылқадан туған ұлы Бетуелдің қызымын» деп жауап берді.
48Мұнан кейін өзіме жол көрсетіп, ұлына қожайынымның інісінің қызын таңдағаны үшін, қожайыным сиынатын Құдай — Жаратқан Иенің алдында иіліп ғибадат еттім.
49Енді сіздер қожайыныма мейірімділік пен адалдық көрсеткілеріңіз келсе, оны маған білдіріңіздер. Ал олай болмаса, оны да айтыңыздар. Содан мен не істеу қажет екенін білетін боламын, — деп құда түсуші сөзін тамамдады.
50Сонда Лабан мен Бетуел:
51Міне, Рабиға көз алдыңызда, оны алып жүре беріңіз. Жаратқан Ие шешіп қойғандай, қызымыз қожайыныңыздың баласының әйелі болсын, — деп жауап берді.
52Қызметші осыны естігенде жерге дейін иіліп Жаратқан Иеге ғибадат етті.
53Содан кейін әкелген киімдері мен алтын-күміс әшекейлерін шығарып, Рабиғаға сыйлады. Оның ағасы мен анасына да құнды сыйлықтар ұсынды.
54Мұнан кейін қызметші және оған еріп келгендер ішіп-жеп, түнеп шықты. Таңертең тұрған соң, қызметші:
55Бірақ бойжеткеннің ағасы мен шешесі:
56Алайда қызметші:
57Сонда олар:
58Рабиғаны шақырып алып:
59Сонда олар Рабиғаны және күтуші әйелін Ыбырайымның қызметшісі мен оның адамдарына ертіп жіберуге келісті.
60Туысқандары Рабиғаға бата беріп былай деді:
61Мұнан кейін Рабиға мен оның қызметші қыздары жолға жиналып, түйелеріне отырып, сол кісіге еріп кетті. Осылай Ыбырайымның бас қызметшісі Рабиғаны ертіп алып, келген еліне кері беттеді.
62Сол кезде Ысқақ Қанаханның оңтүстік аймағында тұратын. Ол «Қамқоршым — тірі Құдай» деген құдыққа
63Бір күні кешке қарай ол далаға шығып, ойға батып отырғанда, айналасына көз тастап, келе жатқан керуенді байқады.
64Рабиға да Ысқақты көрді. Бойжеткен лезде түйеден түсіп, айналасына көз жүгіртіп,
65қызметшіден:
66Қызметші Ысқаққа сапарында не істегенін түгел айтып берді.
67Ысқақ Рабиғаны өзінің марқұм анасы Сараның шатырына кіргізіп, оған үйленді. Қалыңдығы Ысқаққа қатты ұнады. Содан оның анасы қайтыс болғаннан кейінгі қайғысы