1Ыбырайым тағы да үйленіп, Кетура есімді әйел алған болатын.
2Одан Ыбырайымның Зимран, Жоқшан, Медан, Мадиян,
3Жоқшаннан Сәба мен Дедан туды. Деданнан кезінде ашурлықтар,
4Мадиянның ұлдарының аттары мыналар: Ефа, Ефер, Ханох, Абида, Елдаға. Бұлардың барлығы да Кетурадан тараған ұрпақтар болатын.
5Алайда Ыбырайым жинаған бар дүние-мүлкін Сарадан туған Ысқаққа мұра етіп қалдырды.
6Өзінің көзі тірісінде ол кәнизактарынан
7Ыбырайым барлығы жүз жетпіс бес жыл жасады.
8Ол мағыналы өмір сүріп, жасы ұлғайған шағында о дүниеге, ата-бабаларының қасына аттанды.
9
11Ыбырайым өлгеннен кейін Құдай оның ұлы Ысқақты да жарылқап жүрді. Ол «Қамқоршым — тірі Құдай» деген құдықтың маңайында
12Ыбырайымның Сараның мысырлық күңі Ажардан туған ұлы Ысмағұлдың үрім-бұтағының шежіресі мынау:
13Ысмағұлдың ұлдарынан тараған ұрпақтар рет-ретімен былай аталады: Ысмағұлдың тұңғышы Набайот, одан кейін Қидар,
14Мишма, Дума, Масса,
15Хадад, Тема, Етур, Нафиш, Кедмах туды.
16Бұлар Ысмағұлдың он екі ұлынан тарап, жартылай көшпенді, жартылай отырықшы болып, мекендеген жеріне қарай бөлінген рулардың он екі көсемі болды.
17Ысмағұл барлығы жүз отыз жеті жыл өмір сүріп, ата-бабаларының қасына аттанды.
18Оның ұрпақтары Мысырдың шығысындағы Шурдан Ассур еліндегі
19Ыбырайымның ұлы Ысқақтың үрім-бұтағының шежіресі мынау: Ыбырайымнан Ысқақ туды.
20Ысқақ қырық жасында солтүстік Месопотамияда
21Әйелі бала көтермегендіктен, Ысқақ ол үшін Жаратқан Иеге жалына сиынды. Оның тілегін Иеміз қабыл алып, күндердің күнінде Рабиға жүкті болды.
22Оның құрсағындағы екі нәресте бір-бірімен тебісетін. Сонда ол: «Менде не үшін бұлай?» — деп ойлап, осыны білмекші болып Жаратқан Иеге жүгінді.
23Иеміздің жауабы мынау болды:
24Босанатын уақыты келіп, Рабиға егіз ұл тапты.
25Бірінші туған баланың денесін киім іспетті қалың қызыл түк басып кеткендіктен, оған Есау (яғни «Түкті») деп ат қойды.
26Одан соң оның сыңары көрінді, ол бір қолымен Есауды өкшесінен ұстап алыпты. Оны Жақып (яғни «Өкшеден ұстаушы, Алдамшы») деп атады. Егіз ұлды болғанда, Ысқақ алпыста еді.
27Балалар ер жетті. Есау дала кезіп жүретін білікті аңшы болса, Жақып шатыр маңайында тыныш жүретін жігіт еді.
28Ысқақ баласы аулаған аңның етін ұнатқандықтан, Есауды жақсы көретін. Ал Жақып Рабиғаның сүйікті ұлы болды.
29Бір күні Жақып тамақ пісіріп жатқанда, Есау шаршап, қарны ашып даладан келді.
30Ол Жақыпқа:
31Жақып:
32Есау:
33Жақып:
34Сонда Жақып оған нан және қызыл жасымықтан пісірген көжені ұсынды. Есау ішіп-жеп болған соң жөніне кетті. Осылайша ол тұңғыштық жолына немқұрайды қарап, одан бас тартты.