1Ысқақ қартайып, көзі көрмей қалған еді. Бірде ол тұңғыш ұлы Есауды
2Ысқақ:
3Сен садақ пен қорамсағыңды алып, маған даладан бір аң аулап әкел.
4Соның етінен мен сүйсініп жейтіндей дәмді тағам пісіріп, алып кел. Оны жеп, өлмей тұрғанда саған батамды беретін болайын, — деді.
5Ысқақ ұлымен сөйлескен кезде, Рабиға да құлақ түріп тыңдап тұрды. Есау аң аулап әкелу үшін далаға шығып кеткеннен кейін,
6Рабиға Жақыпқа былай деп кеңес берді:
7«Маған бір аң аулап әкеліп, дәмді етіп тамақ пісіріп бер. Мен оны жеп, өлмей тұрғанда саған Жаратқан Иенің алдында батамды берейін» дегенін естідім.
8Ұлым, саған айтатын ақылыма мұқият құлақ сал:
9қораға барып, маған екі қоңды лақты алып кел. Олардан дәмдеп, әкең сүйсініп жейтін тағам дайындаймын.
10Соны әкеңе апар, ол жесін. Осылай ол өлер алдында батасын саған беретін болады!
11Бірақ Жақып шешесіне:
12Әкем мені сипаласа ше, онда оның алдында өтірікші болып, одан бата орнына қарғыс алармын, — деді.
13Сонда шешесі:
14Жақып лақтарды алып келіп, шешесіне берді. Ол солардан ұлдың әкесі сүйсініп жейтіндей дәмді тамақ әзірледі.
15Бұдан кейін Рабиға үлкен ұлы Есаудың өз үйінде жатқан ең сәнді киімдерін алып, оларды кенжесі Жақыпқа кигізді,
16әрі сойылған лақтардың терісімен оның түксіз мойны мен екі білегін жапты.
17Жақыптың қолына өзі әзірлеген дәмді тамағы мен пісірген нанын ұстатты.
18Сонда Жақып әкесіне кіріп:
19— Мен тұңғышыңыз Есаумын. Маған айтқаныңызды орындадым. Басыңызды көтеріп, мен аулап әкелген аңның етін жеп, маған батаңызды беріңіз. —
20Ысқақ:
21Сонда Ысқақ:
22Жақып қасына келген соң әкесі оны сипалап тұрып:
23Жақыптың қолдарынан ағасының қолдарындағыдай түкті сезгеннен кейін Ысқақ Жақыпты танымай қалды. Оған батасын бермек болды,
24бірақ ол тағы бір рет:
25Сонда әкесі:
26Содан соң Ысқақ:
27Жақып әкесінің қасына барып, оны сүйгенде, Ысқақ оның киген киімдерінен Есаудың иісін сезді. Содан ол ұлына батасын беріп былай деді:
28Айырмасын Құдай сені аспан шығынан,
29Саған ұлттар қызмет жасай берсін,
30Ысқақ батасын аяқтап, Жақып әкесінен шығып бара жатқан кезде, ағасы Есау аң аулаудан қайтып келді.
31Ол да дәмді тамақ пісіріп, әкесіне апарды да, оған былай деп тіл қатты:
32Сонда әкесі одан:
33Сонда Ысқақ қатты дірілдеп шошып кетіп:
34Есау әкесінің сөзін естігенде әбден күйініп, қатты айқайлап жіберіп:
35Ал әкесі:
36Сонда Есау:
37Ысқақ:
38— Әке, сізде бар болғаны бір-ақ бата ма еді? Маған да батаңызды бере көріңіз! — деп, Есау дауыстап жылады.
39Соңында Ысқақ оған бата беріп былай деді:
40Семсеріңе сүйене өмір сүресің,
41Есау сол кезден бастап Жақыпты әкесінен алдап алған батасы үшін жек көрді. Ол өз-өзіне: «Көп ұзамай әкем дүние салып, жоқтау айтатын уақыт келер. Содан кейін Жақыптың көзін құртамын», — деді.
42Үлкен ұлының бұл сөздері Рабиғаның құлағына шалынды. Сонда ол кенжесін шақырып алып: «Ағаң Есау кек алып сені өлтірмекші.
43Сондықтан айтқанымды тыңда: тез жолға жиналып, Харандағы туған ағам Лабанға
44Ағаң Есаудың ашуы басылғанша сол жерде біраз қала тұр.
45Кейінірек ол сенің өзіне істегеніңді ұмытып, ашуы қайтқаннан кейін біреуді жіберіп, сені шақыртып аламын. Мен бір күнде екі ұлымнан бірдей айырылып қалар жайым жоқ!» — деді.
46Содан соң Рабиға Ысқаққа: «Есаудың алған хеттік әйелдерінің кесірінен өмірім уайымға толы өтіп жатыр.