1Бұдан соң Жақып басын көтеріп, төңірегіне көз тастағанда, ағасы Есаудың келе жатқанын көрді. Оның қасында ілестірген төрт жүз жігіті болды. Сонда Жақып балаларын Лияға, Рахилаға және екі күңіне бөліп беріп,
2күңдерді балаларымен алдына, олардың артына Лияны балаларымен, ең соңына Рахиланы Жүсіппен тұрғызды.
3Жақыптың өзі бұлардың ең басында жүріп, ағасының алдына жеткенше жеті рет жерге иіліп тағзым етті.
4Бірақ Есау жүгіріп келіп, құшақтай алып, оны бетінен сүйді. Екеуі де егіле жылады.
5Есау басын көтеріп, әйелдер мен балаларды көргенде:
6Күңдер балаларымен ілгері шығып, Есауға бастарын иді.
7Содан кейін Лия да балаларымен келіп, оған тағзым етті. Ең соңында Жүсіп пен Рахила алға шығып, бастарын иіп сәлем етті. Есау:
8— Мен жолшыбай кездестірген табын-табын малдарыңмен не істейтін ойың бар? — деп сұрады. Жақып:
9Бірақ Есау:
10Ал Жақып:
11Өзіңізге арнаған осы тартуларымды қабыл алыңызшы. Маған Құдайдың рақымы түсті, менде не керектің бәрі де бар, — деп қиыла өтініп қоймады. Ақыры Есау көніп, Жақыптың сыйлықтарын қабылдады. Оған:
12— Жолға шығайық, мен сендермен бірге жүремін, — деді.
13Бірақ Жақып былай деп жауап берді:
14Қожайыным, құлыңыздың алдынан жүре беріңіз. Мен Сейір жеріне,
15Есау:
16Содан Есау сол күні-ақ Сейір жеріне кері аттанды.
17Жақып болса, көшіп-қонып Соқотқа барып, сонда өзіне үй, малдарына қора салды. Сол себептен осы жерге Соқот («Қоралар») деген ат қойылды.
18Кейін Жақып солтүстік Месопотамиядан қайтып келген сапарын аяқтап, аман-есен
19Жақып шатырын тіккен жер танабын Хамордың ұлдарынан жүз мысқал күміске сатып алды. Ал Хамордың бір ұлының аты Сихем болатын.
20Жақып сол жерде Құдайға құрбандық беретін орын жасап, оны «Исраил сиынатын Тәңір — Құдай»