1Біраз уақыт өткенде Жүсіпке «Әкең ауырып жатыр» деген хабар жетті. Жүсіп ұлдары Манаса мен Ефремді ертіп алып, әкесінің қасына барды.
2Жақыпқа «Сізге ұлыңыз Жүсіп келе жатыр» дегенде, ол күшін жинап, төсегінде басын көтеріп отырды.
3Содан Жақып ұлына тіл қатып былай деді:
4Сонда ол маған мынадай сөздер айтты: «Мен сені ұрпақты етіп көбейтемін, топ-топ руларға айналдырамын. Осы елді сенің ұрпақтарыңның тұрақты меншігіне беремін».
5Ал енді, мен саған келмей тұрғанда Мысыр елінде туған сенің екі ұлың менікі. Ефрем мен Манаса екеуі де Рубен, Шимон сияқты өзімнің ұлдарым болады.
6Кейінірек туатын балаларың сенікі болмақ. Алайда олардың ұрпақтары өз үлестеріне тиген жерлерінде ағалары Ефрем мен Манасаның аттарымен аталатын болады.
7Мен солтүстік Месопотамиядан қайтып келе жатып, Қанахан еліндегі Ефратаға таяу қалғанда Рахила қайтыс болды. Мен оны жоқтап, сол жерде, Ефратаға бара жатқан жолдың бойында, қабірге қойдым.
8Исраил Жүсіптің ұлдарына қарап:
9— Бұлар Құдай маған сыйлаған екі ұлым.
10Қартайғандықтан Исраилдің көздері нашар көретін еді. Жүсіп ұлдарын әкесіне жақындатып, ол немерелерін беттерінен сүйіп, құшақтады.
11Жүсіпке:
12Жүсіп әкесінің алдында отырған ұлдарын оның құшағынан босатып алып, оған жерге дейін бас иіп тағзым етті.
13Ол оң қолымен Ефремді ұстап Исраилдің сол жағына, ал Манасаны сол қолымен ұстап оның оң жағына апарып тұрғызды.
14Алайда Исраил оң қолын кенжесі болса да Ефремнің басына, ал сол қолын тұңғыштығына қарамастан Манасаның басына қойып тұрып, екі қолын айқастырып ұстады.
15Исраил Жүсіпке батасын беріп тұрып былай деді:
16Ол — барлық апаттан мені құтқарып келген Хабаршы,
17Әкесі оң қолын Ефремнің төбесіне қойғаны Жүсіпке ұнамады. Сондықтан ол оң қолын Ефремнің басынан алып, Манасаның төбесіне қоймақшы болып:
18— Әке, олай емес! Тұңғышы мынау, оң қолыңызды соның басына қойыңыз, — деді.
19Бірақ әкесі бұған қарсы шығып:
20Жақып оларға батасын беріп тұрып: — Исраилдің ұрпағы бата бергенде сенің атыңды атап, «Құдай сені Ефрем мен Манасадай қылсын!» деп айтатын болады, — деді. Осылайша ол Ефремді Манасадан жоғары қойды.
21Содан кейін Исраил Жүсіпке:
22Мен семсер-садағыммен аморлықтардың қолынан тартып алған қыратты жерімді