1Балаларым менің, сендер күнә жасамасын деп осыны жазып отырмын. Алайда егер біреуің күнә жасап қойсаң, Әкенің алдында әділ Қорғаушымыз бар. Сол Қорғаушымыз — Иса Мәсіх.
2Ол өз жанын құрбан етіп,
3Егер Құдайдың өсиеттерін орындасақ, Құдайды жақыннан танитынымызды білеміз.
4Құдайды танимын дей тұра, Оның өсиеттерін орындамайтын кісі — өтірікші, соның жан дүниесінен шындық орын алған жоқ.
5Құдайға деген сүйіспеншілік Оның сөзін орындаған кісіде шын мәнінде толық болып, мақсатына жетті. Құдаймен тығыз байланыста екенімізді мынаған қарап білеміз:
6Онымен қатынаста тұрмын дейтін кісі Иса Мәсіх қалай өмір сүрген болса, солай өмір сүруге тиіс.
7Сүйікті бауырларым, сендерге жазып отырғаным — жаңа өсиет емес, өздеріңе бастапқыдан белгілі көне өсиет. Осы көне өсиет — сендер Исаға сене бастаған сәтте-ақ естіген хабарларың.
8Дегенмен сендерге жаңа өсиет те жазып отырмын: ол бұрын Мәсіхтің өмірінде, қазір сендердің өмірлеріңде іске асуда. Себебі түнек түріліп, шынайы жарық нұрын шашып келе жатыр.
9Нұрда жүрмін дей тұра, бауырын жек көретін кісі әлі де түнекте жүр.
10Ал бауырын жақсы көрген әркім нұрда жүріп, азғырылуға түспейді де, өзгені азғырмайды да.
11Бауырын жек көретіннің жүріс-тұрысы түнекте, ол қайда кетіп бара жатқанын білмейді. Себебі түнек оның жан дүниесін соқыр қылып қойған.
12Балаларым менің, Исаның құрбандығы арқасында күнәларың кешірілгендіктен сендерге осыны жазып отырмын.
13Рухани жағынан әке болғандар,
14Әке болғандар, өздеріңе осыны жаздым, себебі сендер әуел баста бар болған Мәсіхті білесіңдер.
15Осы күнәлі дүниені
16Себебі осы дүниеге тән нәрселердің бәрі: күнәкар адамның құмарлықтары, көзінің қомағайлығы әрі тұрмысына мастануы
17Осы дүние мен оның ләззаты өткінші, ал Құдайдың еркін орындаушылар мәңгі өмір сүреді.
18Балаларым менің, қазіргі уақыт — осы заманның соңғы дәуірі.
19Олар ортамыздан шықса да, біздікі болған жоқ, өйткені егер біздікі болса, бізбен бірге қалар еді. Бұлардың бәрінің біздікі болмағандықтары осылайша білініп қалды.
20Киелі Құдай сендерге Өзінің Рухын қондырғандықтан барлығын ажырата білесіңдер.
21Сендер шынайы ілімді білмегендіктен емес, қайта, оны біліп, шындықтан өтірік тумайтынын да ұққандарыңа бола осыны жазып отырмын.
22Исаның Құдай жіберген Мәсіх екендігін мойындамайтын әркім — өтірікші. Көктегі Әкені және Оның рухани Ұлын мойындамайтындар — Мәсіхке қарсы шығушылар.
23Кім Ұлды мойындамаса, оның Әкеге қатысы жоқ. Ал кім Ұлды мойындаса, соның Әкеге де қатысы болады.
24Сондықтан бастапқыдан естіген шынайы ілімді ұстаныңдар! Егер осылай істесеңдер, онда Ұлмен және Әкемен тығыз байланыста өмір сүресіңдер.
25Ал Құдайдың бізге берген уәдесі — мәңгілік өмір.
26Осыны дұрыс жолдан азғырушылардан сақтандыру үшін жазып отырмын.
27Ал сендерге келсек, Құдайдан алған Киелі Рух
28Ал енді, балаларым менің, Мәсіхпен тығыз байланыста қала беріңдер! Сонда Ол қайтып келгенде нық сеніміміз болып, Оның алдында ұятқа қалмаймыз.
29Құдайдың әділ екенін білесіңдер, сондықтан әділдік істейтін әркімнің рухани мағынада Құдайдан туғанын