1Құдай таңдаған бәйбіше мен оның балаларына ақсақалдан
2Өйткені шындық өзімізде қазір бар және мәңгі бола береді.
3Құдай Әке мен Оның рухани Ұлы Иса Мәсіх рақымын, мейірімін және тыныштығын, сонымен қатар шындық пен сүйіспеншілігін бәрімізге сыйлай бермек.
4Балаларыңның
5Сондықтан, бәйбіше, мынаны өтінемін: бәріміз бір-бірімізді жақсы көрейік. Мұны жаңа өсиет ретінде жазып отырған жоқпын, бұл өсиет бізде бастапқыдан бар.
6Ал осы сүйіспеншілік Оның өсиеттері бойынша жүруімізде. «Сүйіспеншілікке сай әрекет ету керек» деген бұл өсиетті бастапқыдан бері естіп келесіңдер.
7Дүниеге көптеген азғырушылар келе жатыр. Олар Иса Мәсіхтің жер бетіне адам бейнесінде келгенін мойындамайды. Азғырушыларды және Мәсіхке қарсы шығушыларды осыдан білуге болады.
8Еңбекпен қол жеткізгендеріңді жоғалтпай, Иемізден толық сыйларыңды алу үшін
9Мәсіхтің ілімімен жүрмей, одан шығып кеткен адамның Құдаймен қатынасы жоқ. Ал Оның ілімімен жүргендер көктегі Әкемен де, Оның рухани Ұлымен де тығыз байланыста болады.
10Сондықтан да біреу келіп, осы ілімге қарсы бір нәрсе үйретсе, ондайды үйлеріңе кіргізбеңдер, тіпті сәлемін де алмаңдар!
11Себебі біреудің сәлемін алған адам соның жамандық істеріне ортақ болады.
12Сендерге әлі көп нәрсе айтар едім, бірақ оны жазбаша жасағым келмейді. Өзім келіп, ауызба-ауыз сөйлессек деп ойлаймын, сонда зор қуанышқа кенелеміз.
13Құдай таңдаған бауырласыңның балалары