1(Пайғамбар:) Алтын қаншама көмескі тартқан, Саф алтын сапасынан айырылған, Киелі орынның құнды тастары Көше қиылыстарында шашылған!
2Сионның алтындай асыл ұлдары Көзешінің жай ыдысындай [1] саналған!
3Шибөрі күшіктерін қамқорлап емізеді, Ал халқым шөлдегі түйеқұстай қатыгезденді.
4Сәбилер шөлдеп, тілі таңдайына жабысқан, Жалынып жатқан оларға беруге жоқ еш нан.
5Таңдап тамақ жегендер көшеде қалжырауда, Сәнді киініп өскендер қи-көңде құруда.
6Халқымның кінәсі асып түсті Содомдікінен, [2]Ол кенет күйреп, ешкім де қол ұшын бермеген.
7Қардан пәк, сүттен ақ еді елдің әміршілері, Әрі маржаннан қызғылт олардың тәндері, Көк асыл тастай жарқылдайтын өңдері.
8Ал қазір күйеден де қара келбеттері, Көшеде танымайды оларды таныс кісілері, Отындай кеуіп, сүйегіне жабысты терілері.
9Аштықтан өліп жатқандардан гөрі Семсерден қаза тапқандарға игі. Болмағанда жейтін азық-түліктері Адамдар зор азаппен қалжырап өледі.
10Халқымның осылай күйреген кезінде Мейірімді әйелдердің өздері де Балаларын өз қолымен асып, жеді де. [3]
11Жаратқан Ие бүкіл кәрін жаудырды, Ол Сионға қаһарының отын құйды, Өрт қаланың негізін де жалмап жойды.
12Иерусалимнің қақпаларына жау кіреді Деп жердің еш патшасы не халқы сенбеп еді.
13Бірақ халықтың зұлым пайғамбарлары Мен діни қызметкерлерінің күнәлары Үшін солай болды: жазықсыз адамдарды Қала ішінде солар өлтіріп тастады!
14Енді олар көшеде соқырдай сипалауда, Үстері төккен қандарынан ластанды да, Ешкім жанасқысы келмейді оларға.
15Жұрт: «Алшаққа кетіңдер, арамсыңдар сендер! — Деп айқайлады. — Кетіңдер! Қол тигізбеңдер!» Һәм былай деді бөтен елдердегі кісілер: «Осында тұра алмайды сол кінәлілер!»
16Жаратқан оларды Өзі шашып тастайды, Бұдан былай Ол соларға ден қоймайды. Жұрт діни қызметкерлерге ізет білдірмейді, Қарияларға да мейірім көрсетпейді.
19Қуғыншылар аспандағы бүркіттен жылдам еді, Тауда өкшелеп, түзде де аңдыды бізді.
20Сеніп едік Жаратқан тағайындаған патшамызға, Бірақ ол да түсті жаудың тұзақтарына. Былай деп едік: «Патшаның қол астында Тірі қалармыз өзге ұлттар арасында».
22Уа, Сион халқы, бітпек енді күнәңнің жазасы, Иеміз қуғыныңды көп ұзартпайды тағы! Ал, Едом халқы, Жаратқан сені жазалайды, Ол зұлым істеріңді ашып жариялайды.