4Жаратқан былай деп ант берген еді, Онысын ешқашан да өзгертпейді: «Сен Мәліксадықтай [5] діни қызметкерсің, Мәңгі сондай болып қала да бересің!»
5Жаратқан Ие сенің оң жағыңда тұрады, Қаһарланған күні Ол патшаларды ұрады,
6Халықтарды соттап, көп адамдарын жояды, Бүкіл жер бетінің билеушілерін соғады.
7Патша жолшыбай бұлақтан сусындап алады, Еңсесін көтеріп, жеңімпаз болып шығады.