1[1]Ием, мен Саған сенімімді жүктедім, Содан мынаны айттым: «Қатты қиналып жүрмін!»
2Үрейім ұшып, тым абыржыған едім, «Күллі жандар өтірікші!» деп түңілдім.
3Жаратқанның көрсеткен жақсылықтарын Қалай ғана Өзіне қайтара аламын?
4Мені құтқарғаны үшін шүкірлік тостағанын Көтеріп, паш етемін Иеміздің атын, [2]
5Жаратқанға берген анттарымның барлығын Бүкіл халқы алдында іске асырамын.
6Иемізге бағышталған адамдарының Ажалына Жаратқан Ие аударады назарын. [3]
7Уа, Ием, шынымен Сенің қызметшіңмін, Мен, сондай-ақ, күңіңнің баласымын, Сен Өзің мені бұғаудан босаттың.
8Шүкірлік құрбандығын ұсынамын Саған, Сенің атыңды паш етемін, уа, Жаратқан. [4]
9Жаратқанға берген анттарымның барлығын Бүкіл халқы алдында іске асырамын:
10Иемнің киелі үйінің ауласында, Уа, Иерусалим, сенің қақ ортаңда.
10 Жаратқан Иені мақтаңдар әр уақытта!