Забур жырлары 119:1-7 KZB2010 - Bible AI

1(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.) Мүшкіл халімде Иеме жалбарындым, Ол мінажатыма түрді құлағын.

2Құтқара көрші мені, [1] уа, Жаратқан, Айлалы тіл мен өтірікші ауыздан.

3Ісіңнің қарымтасын, ей, айлакер жан, Саған қанша қылып қайтарар Жаратқан:

4Тартар жазаң сарбаздың өткір оғындай, Әрі жанған ағаш көмірінің шоғындай.

5Алыс Мешехте кірме болып тұрған, Қидар шөлінде [2] шатыр маңында қонған Сияқты сорлы басымды қайғы басқан!

6Ынтымақты ұнатпайтындармен Ұзақ уақыт бірге тұрып келемін,

7Татулықты сүйетін жанмын мен, Ал олар таласпақшы, бұл жайлы сөйлесем.

© Қазақша аудармасы және көркемделуі «Жаңа өмір» баспасы, Стамбул, 1993, 1996, 2000, 2010
v>