Забур жырлары 12:1-6 KZB2010 - Bible AI

1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)

2Уа, Жаратқан, қашанғы Сен мені ұмытпақсың? Мәңгілік пе бет-жүзіңді менен жасырмағың?

3Қашанғы көңілім уайымға тола бермек, Жүрегім күн сайын қасіретке кенелмек? Дұшпаным қашанғы маған үстемдік жүргізбек?

4Уа, Құдай Ием, назар аударып, құлақ сала гөр, Өлмейін, көзімді қайтадан жарқырата гөр.

5Мен сенімімнен жалтарып, жауым шаттанбасын, Дұшпандарым «Жеңдік!» деп лепіре мақтанбасын.

6Ал мен берік рақымыңа сенімімді артамын, Сенің құтқаруыңа шын жүректен қуанамын, Игілік жасаған Иеме әнімді айтамын.

© Қазақша аудармасы және көркемделуі «Жаңа өмір» баспасы, Стамбул, 1993, 1996, 2000, 2010
>