1(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.) «Тауға көзді қадаймын Қайдан жәрдем келер деп.
2Көк пен жерді жаратқан Құдай Ием маған жар».
3«Тайдырмайды Ол табаныңды, Ұйықтамайды Қорғаушың,
4Исраилді Қолдап-қорғаушы Қалғымайды да ұйықтамайды.
5Қорғаушың — Жаратқан Ие, Қасыңда Ол саяң болып жүреді,
6Күндіз күннің, түнде айдың Тимесін деп сәулелері.
7Жамандықтың барлығынан Жаратқан Ие сені сақтайды, Жаныңды Ол қорғап-қолдайды.
8Бүгіннен бастап мәңгі бақи Иеміз қорғайтын болады Барып-келу сапарыңды».