Забур жырлары 121:1-9 KZB2010 - Bible AI

1(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.) «Барайық киелі үйіне Жаратқанның!» Дегенді естіп қатты қуандым.

2Уа, Иерусалим, аяғымыз біздің Қақпаларыңның алдында тұр сенің.

3Қабырғалары кірігіп бір тұтасқан Қала болып Иерусалим салынған.

4Осында өрлеп келіп тұрады Жаратқанға сиынатын рулары, Исраилге Ол мынаны заң етіп тапсырды: Жаратқан Иенің есімін мұнда даңқтауды.

5Қалада тұр билердің орындықтары, Дәуіттің әулетінің патшалық тақтары.

6Амандық тілеңдер Иерусалим үшін: «Қаланы сүйетіндер өркендесін,

7Қамалыңның ішінде амандық болсын, Сарайларыңда тыныштық орнасын!»

8Тума-туыс, дос-жарандарым үшін Қалаға аман-есендік тілеймін.

9Құдай Иеміздің киелі үйі үшін Иерусалимге зор игілік тілеймін.

© Қазақша аудармасы және көркемделуі «Жаңа өмір» баспасы, Стамбул, 1993, 1996, 2000, 2010
v>