1(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.) Жаратқан Иеге сенім артқандар Сион тауындай шайқалмай мәңгі тұрар.
2Таулар Иерусалимді жан-жақтан қоршайды, Жаратқан Ие өз халқын солай қоршайды, Қазір де, мәңгі де аман сақтап қорғайды.
3Әділдер жамандыққа ұмтылмау үшін, Зұлымдардың оларға билігі шектелген. [1]
4Мейірімділер мен ақпейілділерге Игілік ете гөр, уа, Жаратқан Ие!
5Ал жүріп жатқандарды теріс жолдармен Иеміз бірге аластатсын заңсыздармен.
5 Исраилге тыныштық бұйырта көрсін!