Забур жырлары 125:1-6 KZB2010 - Bible AI

1(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.) Жаратқан Ие тұтқындарды Сионға Қайтарып алып келген уақытында [1] Ұқсадық түс көріп жатқан адамға,

2Езуіміз жиылмады күлкіден, Аузымыздан үзілмеді шаттық ән. Басқа ұлт адамдары өзара былай десті: «Бұларға Жаратқан жасады керемет істі!»

3Жаратқан бізге керемет жасады шынында, Сондықтан да біз кенелдік зор қуанышқа!

4Шөлдегі кеуіп қалған өзендерді Лезде-ақ суға толтыратының секілді, Уа, Жаратқан Ие, игіліктерімізді Біздерге қайтадан сыйлай гөр енді. [2]

5Көз жасын төгіп жүріп еккендер егінін Қуана әндетіп жинамақ өнімін:

6Олар еңіреп жүріп тұқымдарын Сеуіп тастайды егістік жерлеріне, Кейін құшақтап алып астық бауларын Қуана қайтады мекендеріне.

© Қазақша аудармасы және көркемделуі «Жаңа өмір» баспасы, Стамбул, 1993, 1996, 2000, 2010
v>