2Бекерге ерте тұрып, кеш жатасыңдар, Нандарыңды көп бейнетпен табасыңдар. Ал Жаратқан Ие сүйікті адамдарына Бейқам тыныштық сыйлайды жандарына. [2]
3Балалар — игілік Жаратқан Иеден келген, Перзенттер — Оның сыйы рақыммен берген.
4Адамның жас кезінде туған балалары Жебелері іспетті жауынгердің қолындағы,
5«Қорамсақтарын» солармен толтырған Кісілер қандай бақытты болған, Қарсыластарымен биге барғанда [3] Қалмайтын болады олар масқараға.