Забур жырлары 127:1-6 KZB2010 - Bible AI

1(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.) Жаратқан Иені қастерлейтін, Оның жолдарымен жүретін Әрбір адам қандай бақытты!

2Еткен еңбегіңнің өнімін жейсің, Құдай сені жарылқап, өркендейсің.

3Әйелің сенің үйіңнің ішіндегі Жемісті жүзім бұтасы секілді, Ал ұл балаларың дастарқан басындағы Зәйтүн ағашының өркендері [1] сияқты.

4Жаратқан Ие осылай жарылқайды Өзін терең қастерлеген жандарды.

5Сион тауындағы киелі үйінен Жаратқан Ие сені жарылқай берсін. Өмір бойы Иерусалимнің амандығын

6Көресің һәм немерелеріңнің қызығын.

6 Исраилге тыныштық бұйырта көрсін!

© Қазақша аудармасы және көркемделуі «Жаңа өмір» баспасы, Стамбул, 1993, 1996, 2000, 2010
v>